Әбілдаев Азамат Рахатұлы

Әбілдаев Азамат Рахатұлы

«Қалмақ тұқымының Республикалық палатасының» төрағасы
2150
Жасы: 52 жаста

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қастек ауылында дүниеге келген

Білімі

Қазақ ұлттық техникалық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша тәтамдаған.

Карьерасы

1998 жылдан бастап – «Ақбөкен» қоғамдық қорының мүшесі.

1999-2004 жылдары – «Алмаз» шаруа қожалығында басқарушы директор.

2004-2007 жылдары – «Агрофирма Түрікпен» ЖШС бас директоры.

2007-2009 жылдары – «ПромИнвестАзия» Сауда-қаржы холдингі» ЖШС президенті.

2009-2010 жылдары – «ПромИнвестАзия» Сауда-қаржы холдингі» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, консультант.

2010-2011 жылдары – «Қазақстан тас өнімдері» ЖШС, ӨҚ президенті.

2011-2012 жылдары – «Қазгранит» корпорациясы» ЖШС президенті.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылым депутаты.

2012-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі.

2016 ж. ақпан – «Ақ жол» ДП атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат.

Сондай-ақ, «Агроком» аграрлық холдингінің бас директоры.

«Қалмақ тұқымының Республикалық палатасының» төрағасы.

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі.

 

Наградалары мен атақтары

«Мамандығы бойынша үздік» диплом.

«Ісіне адалдығы үшін» ІІ дәрежелі медаль.

Цитаталары

«Біз үшін өте қолайлы болып келетін +/- 50 градустық шұғыл континенталды климатқа бейімделгендіктен, бізді қызықтыратыны қалмақ тұқымы. Сіздің малшыларыңыз үшін де үлкен көмек. Өйткені, олар қазір осы малды ет үшін сойып жатқан болса, біз оларды одан әрі көбейту үшін өте тиімді бағамен сатып алмақшымыз.» (ақпан 2019 ж.)

Отбасы

Үйленген, үш баланың әкесі.

Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz

Ашық көздерден дайындалған
Жаңартылды 15 октября 2021