Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz
Facebook-тегі профилі
Білімі
1993 ж. – Шаймерден Ахметов Целиноград ауыл шаруашылық интитутында білім алған.
2017 ж. – Майами университеті.
Карьерасы
1984-1987 жылдары – оқу-өндірістік бригадасының жұмысшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданы Жүзімдік.
1993-1997 жылдары – ассистент, Ақмола аграрлық университетінің ауыл шаруашылығы, топырақтану және агрохимия факультеті, Ақмола облысы.
1997-1999 жылдары – Шаймерден Ахметов Республикалық өсімдіктерді қорғау станциясында бас агроном, Астана қ.
1999 ж. наурыз-қазан айлары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдіктерді қорғау комитетінің фитосанитариялық қадағалау бөлімінің бас маманы.
1999 ж. қазан-қараша айлары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы департаментінің фитосанитариялық қадағалау бөлімінің бас маманы.
1999 ж. наурыз-2000 ж наурыз. – Шаймерден Ахметов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы департаментінің Фитосанитариялық қадағалау департаментінде бөлім бастығы.
2000-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті Фитосанитариялық қадағалау және мониторинг басқармасы бастығының орынбасары.
2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдіктерді қорғау және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті бөлімі бастығының орынбасары.
2007-2008 жылдары – бөлім бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті.
2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы мемлекеттік инспекция комитетінің жанындағы Фитосанитариялық қауіпсіздік және ауыл шаруашылығы бойынша мемлекеттік инспекция бөлімінің бас сарапшысы.
2009 ж. сәуір-маусым – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ДСҰ Даму және өңдеу департаменті директорының орынбасары.
2009 ж. маусым-2011 ж. қазан – Шаймерден Ахметов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Өңдеу өнеркәсібі және ауылшаруашылық азық-түлік нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары.
2011ж. қазан-2012 ж.қаңтар – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Өңдеу өнеркәсібі және ауылшаруашылық азық-түлік нарығы департаменті директорының орынбасары.
2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қайта өңдеу және ауылшаруашылық азық-түлік нарығы департаменті директорының орынбасары.
2014 ж. сәуір-2014 ж. желтоқсан – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Экономикалық интеграция және ауылшаруашылық азық-түлік нарығы департаменті директорының орынбасары.
2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Экономикалық интеграция және ауылшаруашылық азық-түлік нарығы департаменті бөлімінің бастығы.
2015-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция департаментінің орынбасары.
2016-2017 жылдары – Шаймерден Ахметов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің орынбасары қызметін атқарды.
2017-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және өткізу департаментінің орынбасары.
2018 ж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Нарықты дамыту департаментінің орынбасары.
2018 ж. желтоқсаннан бастап – Шаймерден Ахметов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің орынбасары болып тағайындалды.
Цитаталары
«Біз машина-трактор паркін жаңартпай, ауыл шаруашылығын дамыту жайлы сөз қозғау қиындау болатынын жақсы түсінеміз. Бұл саланы жаңарту жеткілікті дәрежеде емес. Бізде 6-8% деңгейінде болуы керек еді, бұл көрсеткіш тек 4-5% ғана болып отыр.» (наурыз 2020 ж.).
«Әрине, жаңа тракторды теледидардан көруге болады, бірақ ол басқа нәрсе, ал мұнда өз көзіңмен көріп, техниканы ғана емес, әртүрлі фирмалардың ұсыныстарын салыстырып, техниканы таңдауда дұрыс шешім қабылдауға болады.» (наурыз 2020 ж.)
«Ет бағасының өсуіне әсер ететін факторлар өте көп, әрбір фактордың өз әсері бар. Бірақ ешкімде: «мына фактор 10%, ал мынау – 50% әсер етеді», «фактор жойылған бойда – ет бағасы 10% төмендейді» – деп ешкім айта алмайды, бұлай болмайды. Мұндай ауқымда есептеу мүмкін емес, ондай формула да жоқ. Әрине, ол белгілі дәрежеде әсер еткенімен, басқа да факторлардың әсері бар.» (ақпан 2020 ж.).
«Ет бағасының төмен түскенін қандай жолмен жолға қоюға болар еді? Шаруа өзін шығынға келтіретіндей жұмыс істей алмайды. Тиісінше, ет бағасының өсуі түсінікті.» (ақпан 2020 ж.).
«... мал ұстау, ет өндіру шығындары өсті.» (ақпан 2020 ж.).
«Көтерме-бөлшек сауда орталығы, бұл өнімсіз делдалдарды болдырмауға мүмкіндік беретін инфрақұрылым. Келесі төрт жыл ішінде Астана, Қарағанды, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында КБСО салу көзделіп отыр. Құрылыстың алғашқы пилоттық жобасы Астанада салынады. Бірінші көтерме-бөлшек сауда орталығы үшін учаске бөлінді, инвестор бар.» (қаңтар 2019 ж.).
«Жылыжайлардың өзінде қиярдың бағасы 950 теңге тұрады. Неге? Өйткені электр энергиясы жыл ішінде 5%-ға, жылу 7%-ға өсті. 1500 км қашықтықтан алып келу керек, бұл да шығын. Әсіресе бағаның өсуі осындай қатты суықта байқалады. Күн жылы болған кезде қарапайым КамАЗ жүк көліктерімен әкелуге болатын. Ал қазір үсіп кететіндіктен әкеле алмайсыз.» (желтоқсан 2018 г.).