Уровень обновления машинно-тракторного парка необходимо довести до 6-8% — Ахметов

Бүгін 11 наурыз күні  Нұр-Сұлтан қаласында ашылған AgriTek/FarmTek Astana 2020 XV Халықаралық  ауыл шаруашылығы көрмесі барысында ҚР АШМ-ның нарықты дамыту департаменті директорының орынбасары  Шаймерден Ахметов машина-трактор паркін жаңарту деңгейін 6-8% -ға дейін арттыру керектігін атап айтты.

Тақырыпты оқу: AgriTek/FarmTek Astana 2020: обзор выставки (ОНЛАЙН-ТРАНСЛЯЦИЯ)

Шаймерден Ахметов республиканың ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін көтеру қажеттігіне байланысты бұл көрменің маңыздылығын атап өтті. 

"Біз машина-трактор паркін жаңартпай, ауыл шаруашылығын дамыту жайлы сөз қозғау қиындау болатынын жақсы түсінеміз. Бізде бұл саланы жаңарту жеткілікті дәрежеде емес. Бізде бұл көрсеткіш  тек 4-5% ғана болып отыр", ― деп атап өтті Шаймерден Ахметов.

Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы министрлігі  тарапынан машина-трактор паркін жаңарту мен қайта жабдықтауға бағытталған іс-шаралар қолға алынып жатқандығын сөз етті. Атап айтқанда лизингтік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бірақ, Шаймерден Ахметовтың айтуынша,  бұл істер жеткіліксіз. Сондай-ақ, ол аталған көрме-ауыл шаруашылығы техникасының жаңа үлгілерімен танысып, нақты түрде сатып алу үшін керек заттарды анықтауға мүмкіндік береді, деді.  

 "Әрине, жаңа тракторды теледидар арқылы көруге  де болады, бірақ көрмеде барлық техниканы өз көзіңмен көріп, салыстырып, әр түрлі фирмалардың үлгілерімен танысуға болады және қандай техниканы сатып алу керектігі жайлы шешім қабылдауға мүмкіндік бар", ― деп түйіндеді Шаймерден Ахметов.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.