Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
AgriTek/FarmTek Astana 2020: көрмесіне шолу (ОНЛАЙН-ТРАНСЛЯЦИЯ)
TNT Productions, Inc. Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайын Agritek/Farmtek Astana Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесін өткізуде. Ол Қазақстанда ең маңызды ауыл шаруашылық іс-шаралардың бірі болып табылады. Аталған көрме ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің, «ҚазАгро», Қазақстан фермерлер одағы, Қазақстан құс өсірушілер одағы, Қазақстан ет-сүт одағы және Қазақстан жылыжай ассоциациясының қолдауымен ұйымдастырылды. Ресми серіктестері — Қазагроқаржы және Қазагромаркетинг.
Көрме тақырыптары:
- мал шаруашылығы — мал өсіру саласындағы технологиялар мен жаңалықтар, инкубаторға қажет жабдықтар, репродукциялау, мал азығы мен қоспалар, жем дайындау және өңдеу, сауықтыруға арналған заттар, ветеринарлық технологиялар, мал қалдықтарын қайта өңдеу, мал шаруашылығы кешендері, сүт және сүт өнімдерін өндіру
- ауыл шаруашылық техникасы мен құралдары-тракторлар, жүк машиналары, тұқым сепкіштер, жерді өңдеуге арналған жабдықтар, тыңайтқыштар, бүріккіш құрал-жабдықтар, шөп дайындау және сақтау, ландшафтық жұмыстар және орман шаруашылығы, шарап жасау және шарап өнімдерін өсіру, суаруға арналған құрал-жабдықтар, сорғылар, қарқынды егіншілік жұмыстарға арналған технологиялар, өсімдіктерді қорғау, тыңайтқыштар мен топырақ қоспалары, мұнайдан жасалған өнімдер, қаптар, үлдірлер және қаптайтын құрылғылар
- бағбандыққа арналған жабдықтар-бау-бақша тұқымдары мен плантаторлар, көкөністер мен жемістерді жинауға арналған құрылғылар, сұрыптауға және орауға арналған жабдықтар, жылыжайлар мен оранжереялар, жылыжай жабдықтарына арналған материалдар, суару және тыңайтқыштар технологиялары, тыңайтқыштар мен топырақ қоспалары, инсектицидтер, гибридтер, фунгицидтер, жылыту және желдету жабдықтары, тұқымдар мен көшеттер, бау-бақша өнімдері, гүл-бақша өнімдері мен технологиялары, бақша жабдықтары.
13.03.2020
Doctor Farme компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы болып табылатын «Еуразиялық агрохимия компаниясының» өнімдері 26 заттан тұрады.
Абай Жукашев. «Еуразиялық агрохимия компаниясының» ӨҚҚ өнімді тарату бойынша директоры. Фото: ElDala.kz.
«Компания өткен жылдан бастап контур-органоминералды тыңайтқыштар шығара бастады. Біз арнайы осындай органоминералды КонтурСтар тыңайтқышын жасадық. Содан соң, өсімдікті өсіретін КонтурРост және фосфор азотының қаныққан құрамы бар КонтурПро шығара бастадық», - деді компанияның ӨҚҚ өнімді тарату бойынша директоры Абай Жукашев.
Оның айтуынша, компанияның өнімдері кіші, орта және ірі ауыл шаруашылығын өндірушілерге арналған, себебі шығаратын өнімдері алуан түрлі, барлық тұтынушыларға қажетті заттар бар.
Ая Тунгатарова, Bel Silo директордың орынбасары. Фото: ElDala.kz.
Bel Silo директордың орынбасары Ая Тунгатарова компания элеваторлардың шатырын өндіруде ноу-хау жаңалықтар енгізетінін айтты, олардың өнімдері басқа компаниялардан ерекшеленеді. Шатырлардың құрылғысы және бекіткіштері өзгеше. Мысалы бір шаршы метрдегі шатыр 320 кг-ға дейін қардың салмағын көтере алады, ал басқа компанияларда ол 100-120 кг құрайды.
Маманның айтуынша, компания Ресей, Қазақстан, Африка нарығында жұмыс істейді. Қазір Bel Silo Мысырмен бірлескен жоба жасау үшін келіссөздер жүргізуде.
Берік Чукуев Ana Food Machinery басшысы. Фото: ElDala.kz.
Ana Food Machinery басшысы Берік Чукуевтың айтуы бойынша, республиканың ұн тарту саласында қолданылатын жабдықтардың 90% -ға жуығы Түркияда жасалған құралдар болып табылады.
«Не себепті? Себебі, еуропалық жабдықтардың сапалы көшірмесі Түркияда жасалады, бірақ олар 2-3 есеге арзан»,- деп түсіндірді Берік Чукуев.
Тақырыпты оқу: Қазақстанның ұн өндіруші компаниялары астықты қайта өңдеуді үш есеге арттыра алады ― Чукуев
Сонымен қатар, ол қазақстандық ұн өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау керек және оны сату үшін мүмкіндік жасау қажет, деді.
Владимир Барабанов «Завод дождевальных машин» компаниясының даму жөніндегі директоры. Фото: ElDala.kz.
Қазақстанда «Завод дождевальных машин» компаниясының даму жөніндегі директоры Владимир Барабанов айтқандай, суару техникасын субсидиялау шығындардың 50% -ы деңгейінде жүргізіліп жатыр.Мұндай жағдайда сатып алынған жабдықтың құны 1 жыл ішінде өтелуі мүмкін, жалпы шығын 2 жыл ішінде өз құнын ақтайды.
Тақырыпты оқу: Су бүріккіш машиналар зауыты 2019 жылы Қазақстанға жасаған техникаларының 25%-ын жіберген
«Машиналарды өндіру процесі жалпы технологиялық цикл бойынша жасалады. Бірақ оны істеу барысында жоба түссе, сол бойынша да істеледі. Яғни құрылғы тапсырысқа қарай жасалуы мүмкін. Сондықтан да біз әртүрлі етіп құрастырып жасаймыз»,- деп айтты Владимир Барабанов.
12.03.2020
«ОПТИСОРТ» директоры Ерлан Тайжанов өз компаниясының нарықта сұранысқа ие Agrex астық кептіретін италияндық өндірушімен жұмыс істейтінін айтты.
«ОПТИСОРТ» директоры Ерлан Тайжанов Agritek/Farmtek Astana 2020 көрмесінде. Фото: ElDala.kz.
«Біздің компания негізінен ұсақ және орта аграрлық компаниялармен жұмыс істейді. Біз әдетте бұл құралдарды қоймада ұстаймыз және үш күн ішінде жабдықты іске қосуға мүмкіндігіміз бар. Ал жұмысшылар өздеріне қажетті жұмыстарын орындай алады. Бұл қолайлы астық кептіргіштер шағын шаруашылықта үшін өте жақсы құрал», — деді ол.
«Біздің компания тек қана тыңайтқыштарды сатумен ғана айналыспайды, сонымен қатар оны сатамыз және егін егілген кезден бастап, оны жинаған мерзімге дейін қызмет көрсетеміз", — деп атап өтті Эдуард Юсупов.
«Щелково Агрохим» компаниясының ғылыми кеңесшісі Каиржанов Жексенби, Фото: ElDala.kz.
Компания Қазақстан нарығын 30% препараттармен қамтамасыз ете алады, деді, «Щелково Агрохим» компаниясының ғылыми кеңесшісі Каиржанов Жексенби. Тәуелсіз компанияның сараптауы бойынша «ЩелковоАгрохим» фунгицидтер бойынша жетекші орындардың бірін алады. Олар Солтүстік Қазақстанда өсірілетін барлық дақылдарды шығаруда.
Юрий Шимко, SL Agro директоры. Фото: ElDala.kz.
SL Agro директоры Юрий Шимконың айтуына қарағанда, компания телескопиялық жүк тиегіштер сату бойынша Қазақстан аумағында алдыңғы қатардағы орындарды алады. Өткен жылы нарықтағы мөлшер 90 болған кезде, олар 47-ге жуық машина сатқандығын айтты.
11.03.2020
Agritek/Farmtek Astana 2020 көрмесінің ашылу салтанаты. Фото: ElDala.kz
Agritek/Farmtek Astana 2020 көрмесінің ашылу кезінде ҚР АШМ-ның Нарықты дамыту департаменті директорының орынбасары Шаймерден Ахметов республикада ауыл шаруашылық техникасын жаңартуда аталған көрменің маңызы зор екендігін атап өтті.
"Біз машина-трактор паркін жаңартпай, ауыл шаруашылығын дамыту жайлы сөз қозғау қиындау болатынын жақсы түсінеміз. Бізде бұл саланы жаңарту жеткілікті дәрежеде емес. Бізде бұл көрсеткіш тек 4-5% ғана болып отыр", ― деп атап өтті Шаймерден Ахметов.
Шаймерден Ахметов, ҚР АШМ-ның Нарықты дамыту департаменті директорының орынбасары Фото: Eldala.kz
Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан машина-трактор паркін жаңарту мен қайта жабдықтауға бағытталған іс-шаралар қолға алынып жатқандығын айтты. Атап айтқанда лизингтік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бірақ, Шаймерден Ахметовтың айтуынша, бұл істер жеткіліксіз
Тақырыпты оқу: Машинно-трактор паркін жаңарту деңгейін 6-8%-ға дейін артыру керек — Ахметов
Уильям Мозер, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ол-ауыл шаруашылығы саласы маңызды екендігін және америкалық компаниялар осы бағытта Қазақстанның экономикалық әлеуетін одан әрі дамытуда маңызды рөл атқара алатын атап өтті.
Уильям Мозер АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі. Фото: ElDala.kz
«Біздің екі ел арасында ауыл шаруашылығы саласында бұрыннан байланыс бар, атап айтсақ мал шаруашылығында екіжақты ынтымақтастық нәтижесінде іс-шаралар болған еді. Мысалы, биылғы жылы Солтүстік Дакотаның қатал қысымына қарсы тұра алатын ангус және герефорд ірі қара малының ондаған басы Қазақстан жеріне келгеніне 10 жыл толады. Содан бері қазақстандық кәсіпкерлер мен фермерлер сол мал тұқымын негізге ала отырып, заманауи ет өнеркәсібін құрды", — деді ол.
Агрохимиялық компанияның «ДАРҚАН ДАЛА» стенді. Фото: ElDala.kz
Агрохимиялық компанияның «ДАРҚАН ДАЛА» стендінде Наурызбек Ержанұлы аталған компания еліміздің аграрлық сала өкілдерінің білімдерін арттыруға көп көңіл бөліп жатқандығын, мамандарды әртүрлі операциялардың өзіндік құны мен экономикалық тиімділігін есептеуге үйрететінін айтты.
Андрей Кузьмичев, «Кузьмичев» шаруа қожалығы . Фото: ElDala.kz
«Кузьмичев» шаруа қожалығының директоры Андрей Кузьмичев ElDala.kz –ке берген сұхбатында, ол Agritek/Farmtek Astana 2020 көрмесіне жаңадан шығып жатқан техникаларды көру үшін келгенін айтты.
«Себебі мұнда көптеген өндірушілер әртүрлі техникалар әкеледі. Сонымен қатар, өз шаруашылығым үшін жаңа құралдар іздеп табамын деген үміттемін», деді ол.