Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстан жері кімнің меншігінде болуы керек
Жер мәселесі шаруа қожалықтары ұрпақтарын көптен бері мазалауда. Оған қатысты толастамай отырған түйткілдер де шешімін таппай, елдің аграрлық бизнесінің дамуына теріс ықпал етуде. ElDala.kz-ке елдің ауыл шаруашылығының осы бір ең ауыр тақырыбы төңірегінде ауыл шаруашылығының сарапшысы, Shopan-atа Қазақстан қой өсірушілері ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаевпен тереңдеу әңгіме қозғаудың сәті түсті.
Шөлдің ортасында
Бүгінгі таңда өткір түйткілдердің бірі – елді-мекендердің айналасында мал жаю алаңдарының тапшылығы. Бұл жерлер ұзақ жылдардан бері белсенді және қалай болса солай қолданудың салдарынан азып-тозуда.
- Елді-мекендердің айналасын жеке мал жаятын алаңдар қоршап жатыр. Бізге осы алаңдарды кеңейту және ауылдан 5-10 километр радиуста ұстау керек. Осы елдің малы жайылатын, ортақ пайдалануға арналған жерлердің жер пайдаланушы фермерлердің берілуіне еш жол бермеу керек. Осы мәселеге заңнамалық тұрғыдан келу керек. Жергілікті халықпен жерді баптау, оның азып-тозуын әрі қарай ушықтырмау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Оған қоса, бұл жерлерге күтім көрсетпеген, көп жылдық өсімдіктер отырғызбаған жағдайда бақылаусыз қолданудың ақыры шөлге әкелері анық. Сондықтан да, бұл түйткілдерді шешуді әкімдіктерге емес, жердің жайын білетін жергілікті өзін-өзі басқару тобының қолына берген дұрыс деп ойлаймын. Мал асырау, бағу ауыл тұрғындарының жалғыз табыс көзі болғандықтан, оларды елді-мекендер айналасындағы жайылымдардан айырмау әрдайым бірінші орында тұруы шарт деп есептеймін, – деп Алмасбек Садырбаев өзін мазалаған ойларымен бөлісті.
Әкімсіз шешім
Фермердің шаруашылығын кеңейтуі, мал басын көбейтуінің өзі ең басты түйткіл болып тұр. Ал қосымша аймаққа қол жеткізу үшін бюрократиялық кедергілердің талайынан өту, әрине, фермерлердің кежегесін кері тартары анық.
Суретте Алмасбек Садырбаев
- Ауданның әкімі немесе оның орынбасарының құзырындағы қолданыстағы жер бөлу жүйесі шенеуніктерді жерді өз қалауынша иелік етуге итермелейді. Сондықтан да, қазіргі тетікке үзілді-кесілді қарсымын. Мұнымен жергілікті өзін-өзі басқаратын, қоғамдық ұйымдардан тұратын қоғамдық комиссияның айналысқаны әлдеқайда дұрыс болады. Осы бағытта жұмыстар жүргізіп, әкімдер мен орынбасарларын жер бөлу комиссиясынан алып тастаған абзал. Олардың фермерлермен немесе әлеуетті жер пайдаланушылармен байланысы аз болуы керек. Бір терезе қағидаты іске қосылғаны дұрыс. ХҚО-ға құжаттарын тапсырып, дайын құжаттарды да сол жерден алуы керек. Ескірген жер комиссиялары жүйелерінен, әкімдерге тәуелділіктен алыстап, бұл рәсімді оңтайландыру мен автоматтандыруға көшуіміз керек, - деді Алмасбек Садырбаев.
Жалға беру жер иеленушінің болашағына қойылған тұзақ
Соңғы уақытта жердің кімге тиесілігі мәселесі көптеген пікірталастарға тақырып болып отыр. Оны фермерлерге жеке меншікке берген дұрыс па, әлде оны фермерлерге одан әрі ұзарту құқығымен жалға берген дұрыс па?
Алмасбек Садырбаевтың пікірінше, жерге жеке меншік құқығы Қазақстан Республикасының кез-келген фермерлік шаруашылықпен айналысқысы келетін азаматына берілуі тиіс.
- Бұл жерде мәселе компаниялар, агрохолдингтер немесе басқалары жайында емес. Еліміздің фермерлікпен айналысқысы келетін барлық азаматына жеке меншік құқығы берілуі тиіс. Неліктен? Өйткені фермер ол жермен бір-екі жыл емес, 10-15 жыл барысында айналысады, көтереді, бар күш жігерін жұмсайды. Үй-жайын салады, бау-бақшасын отырғызып, инфрақұрылымын жүргізеді. Фермердің қаншаға шығындалатынын түсініп отырған шығарсыз. Осының бәрімен айналысып жүргенінде 10-15 жыл да зымырап өте шығады, сондағы жетер мәресі қандай болмақ? Мәренің басында осының бәрін әрі қарай қалдырам ба, жоқ па деген шенеунік тұрады. Иә, ақыр соңында бар жұмысын тастап, жерін қайтару үшін «ашық және адал» конкурсқа шығудан басқа ештеңе қалмайды. Ал конкурстың ашық және адал болатынына кепілдігіңіз бар ма? Менде жоқ, - деп атап өтті Алмасбек Садырбаев.
Тақырып бойынша оқыңыз: Алматы облысында жауапсыз жер пайдаланушылардан 3,6 мың га ауыл шаруашылық алқаптары тәркіленді
2020 жылы ҚР 2156 фермерде жерді жалға алу мерзімі аяқталады. Бұл дегеніміз, олардың барлығы аудандық әкімдіктерге жалға алу мерзімін ұзартып, жерді қалдыру үшін ағылады деген сөз.
- Ал шенеуніктердің қандай шешім қабылдары үлкен түйінді мәселе, - деп Алмасбек Садырбаев күдіктерін жайып салды. - Осы 2156 отбасы уайым болды. Шағын шаруашылықтың өзінде 3-4 адам жұмыс істейді. Сонда қанша адамның болашағына сенімсіз жұмыс істеп жүргенін көз алдарына елестетіп көріңіздерші. Осы адамдардың тағдырымен ойнауға болады ма? Ал жер меншікте болатын болатын болса, жағдай тіпті басқаша болады. Фермер де үрім бұтағына қалатын жермен бар ынта жігерімен, барынша белсендірек айналысар еді. Сондықтан да, жердің барлық фермерлердің, ҚР азаматтарының жеке меншігінде болуы мызғымас деген ұстанымды ұстанамын. Бұл дұрыс жол. Мен ол үшін күресуге дайынмын.
Қазақстанға жеке меншік жер қажет пе?
Осы көзқарастың қисындылығына қарамастан, онымен бәрі келісе бермейді. Халықтың бірқатар бөлігі фермерлерге жеке меншік бермеу керек деген ұстанымды ұстанады. Жер меншікке берілген жағдайда латифундистердің қарамағына өтіп, түбінде мемлекет айрылып қалады деген қауіп бар. Алмасбек Садырбаев мұнымен еш келіспейді.
Әлемдегі нарық экономикасы және барлық дамыған мемлекеттердің қалыптасуы жеке меншік құқығына негізделген, - деп Алмасбек Садырбаев атап өтті. – Алайда, қазір қоғамда осы мәселені популизмге айналдырып жатқан небір адамдар бар. Қазіргі жүйе халықты алдап жатқандай көрінетін, осыдан шынымен де қорқатын, күдіктенетін адамдардың бар екендігін жоққа шығармаймын. Жеке меншік туралы қабылданған құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілерден ірі аграрлық холдингтер пайдаланып кетуі мүмкін қандай да болмасын амалдар табылуы мүмкін. Иә, халықтың ондай жағдайларға наразылығы орынды. Сонымен қатар, жердің жеке меншікке берілуіне үзілді-кесілді қарсы адамдар тобы бар (олардың кейбіреулері – БАҚ өкілдері). Қарапайым халықтың сөзін сөйлегендей болып, «Жер ана», «Жер ананы сатуға болмайды» деп ұрандап, жердің жалға берілетін нарық құралы екенін айтады. Сонда, ананы сатуға болмайды, бірақ жалға беруге болады екен ғой. Жеке меншікке тыйым салу керек дейтін адамдардың көбі батыста білім алған (тек бакалавр деңгейінде ғана емес, магистр деңгейінде де), экономист ретінде, нарық экономикасының негізін қалаушы Адам Смиттің негізгі ұстанымдары бойынша оқыған, осы тақырыпта диссертацияларын қорғаған адамдар екендігі өте өкінішті. Бұл абсурд. Мұны нағыз популизм деп атайды. Жалаңаш ұрандар, пиар жасау, арзан клоун трюктері. Мұндай адамдар ньюсмейкер ретінде әрекет етіп, қандай да бір сенімге ие болатыны өкінішті.
Тақырып бойынша оқыңыз: Ақтөбе облысында жауапсыз жер пайдаланушылардан 112 мың га алынды
Алмасбек Садырбаев осы тақырып бойынша пікірталастар мен дебаттардың қажет екеніне, бұл мәселені тек халықты ақпараттандыру арқылы шешуге болатынына сенімді.
- Біз жерді жеке меншікке беру тыйым салынған алты мемлекетті мысалға келтіре отырып, слайд та жасадық. Қандай жағдайда екенімізді көрсетуге тырыстық. Сондай-ақ, Тайжанмен, оның «Ұлыбританияда, Канадада, Австралияда жеке меншік жоқ» деп айғайлаған дебатымды көрген боларсыздар. Онда оқырмандар арасында білетін адамдар болса Тайжанның айтқаны дұрыс па? Айтыңыздаршы. Менің білуімше, аталған елдердің бәрінде жеке меншік бар. Әлде мен бірдеңе білмей тұрмын ба? Сонда кім өтірік айтып тұр? Риторикалық сұрақ, - деп Алмасбек Садырбаев өзін ашындыратын ойларымен бөлісті.
Ұрпақтар сабақтастығы жайында
Сарапшының пікірінше, жерді жеке меншікке иеленудің маңыздылығы соншалықты, себебі бұл фермерлерге егіншілікпен айналысуға, білімі мен дағдыларын атадан балаға беруге, әрі қарай өз өнімдерін көпжылдық тарихы бар танымал брендке айналдыруға мүмкіндік береді.
- Кез-келген дамыған елге бара қалсам, мысалы, Италия немесе Германияға барғанымда үнемі фермерлерден сыр немесе қандай да болмасын мал шаруашылығы өнімін сатып алуға тырысамын. Әдетте олардың иелігінде 15-20 гектар жер және көз сүйсіндірерлік үй тұрады. Қанша жыл осы кәсіппен айналысып келесіз деп сұрағанымда: «Осы жердегі алтыншы ұрпақпыз. Осы Парма провинциясында пармезан сырымен 400 жылдан бері айналысып келеміз, қайталанбас дәмі бар сырды өз рецептіміз бойынша дайындаймыз», - деп фермер мақтанышпен жауап береді. Мұндайды бақылау керемет! Бұл адамдардың түрінен қандай да болмасын сыртқы қауіптенудің ізі байқалмайды. 300-400 жыл бұрын қалай алаңсыз айналысса, бүгінде де солай алаңсыз айналысып келеді. Көңілге кірбең келтіретіні, біздің осындай елдерде өмір сүрген, оқыған, фермерлердің қалай өмір сүретінін көрген, өнімдерін тұтынған шенеуніктердің өз отаны үшін осының барлығын қаламайтындығында болып тұр, - деп әңгімесін жалғастырды Алмасбек Садырбаев
Басымдық фермерлердің қажеттілігіне берілуі тиіс
Сарапшы мемлекет ауыл шаруашылығының дамығанын қалайтын болса, ең алдымен фермерлерге не керегін ескеруі және олардың қызметі үшін жайлы жағдай жасауы тиіс дегенді атап көрсетеді.
Тақырып бойынша оқыңыз: Қазақстан теріс пиғылды жер пайдаланушылар ТОП-35
- Қарандаршы, Европада ең жаман деген, зұлым Гитлер мен Муссолини басқарған кездердің өзінде, олар қандай зұлымдықтарды жасап жатқан кезде фермерлерге ешкім тиіскен емес. Өйткені ол база, - деп атап өтті Алмасбек Садырбаев. – Сондықтан да фермерлерге алтын жұмыртқа әкелетін тауықтай мәпелеп қарады. Режимдер өзгеріп, революция болып жатса да, ешкім фермерлердің ісіне араласқан емес, олардың жеке меншік құқықтарымен дауласқан емес. Фермер саяси ойындардан алыс, ол елді асырап отыр, бұл тізбекті ешкімнің және ешқашан бұзуына болмайды. Бұл мемлекет қауіпсіздігінің негізі. Сыртқы қатерді шығыстан, оңтүстіктен немесе басқа жақтан іздемеген дұрыс, біздің жауымыз – жеке меншіктің түп тамырына балта шапқысы келетіндер.