Қазақстанда жиналған астық бүлініп кетуі мүмкін

Қазақстандық фермерлері астық кептіру қондырғыларының жұмысына пайдаланылатын газ тапшы болуда. Нәтижесінде, алқаптардан жиналған ылғал астық санаулы күндері бүлініп, онсыз да көп емес егіннен айырылып қалу қаупі тұр.

Елдегі астық кептіру қондырғыларына қызмет көрсетумен айналысатын компанияның өкілі Олег Петушин ElDala.kz порталына айтып өткендей, газ жеткізу проблемалары шамамен бір апта бұрын басталған. Себебі күздің басында газды сатып алу электронды алаңға ауыстырылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі 2022 жылдың қаңтарына қарай сұйытылған газды сатуды толықтай электронды форматқа көшіру туралы шешім қабылдаған болатын. Қазір бұл шешім кезең-кезеңмен енгізілуде. Ведомствоның пікірінше, бұл мәмілелердің ашықтығын қамтамасыз етіп, отынның көлеңкелі экспортын болдырмауы тиіс.

- Қыркүйек айының басында біз газдың қалғанын пайдаланған едік, бірақ қазір ешқандай да көлем қалмады, - деді Олег Петушин. – Сонымен қатар газды алатын жер де жоқ. Осы аптада қосымша электрондық сауда-саттық өткізуге уәде берді, бірақ олар өтпеді. Енді келесі аптада болады деп уәде беруде, бірақ олардың өтетініне де ешқандай кепілдік жоқ және біз газды алатынымыз да белгісіз.

Тақырыпқа байланысты оқуҚазақстанда жүгері жинау науқаны басталды

Компания барлық негізгі астық егетін аймақтарда фермерлерге қызмет көрсетеді, сондықтан да өнімділік жағдайын жақсы меңгерген. Қостанай облысында жазғы құрғақшылыққа байланысты нәтиже 3-4 ц/га бағаланады, бұл өткен жылғыдан үш есе төмен. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдай жақсы, бірақ жинау нәтижесі де әдеттегіден екі есе нашар. Қыркүйек айының ортасында техника бір апта немесе одан да көп уақыт далаға шыға алмай, жаңбыр жауып тұрды. Осыдан кейін егістік жұмыстары қайта басталды, бірақ дәнді дақылдар су болды. Оны кептіру керек, әйтпесе ол сақталмай, шіріп кетеді.

- Біздің таныс бір тұтынушымызда 5 мың тонна, оның көршісінде 2 мың тонна астық жатыр, - деді Олег Петушин.- Бидай ылғалдылығы 23-24%, ал норма бойынша ол 13,5% тиіс. Енді астық санаулы күндерден кейін бүліне бастайды.Сөйитіп өнім жоғалады. Жалпы елдегі жағдайды ескерсек, бұл нағыз апатқа әкеледі - біз нансыз қаламыз. Осылайша бізде газ жоқ, астықты кептіргішті іске қоса алмай отырмыз.

Фермерлер газдың орнына дизель отынын да ала алмай отыр, себебі ол да жоқ. Павлодар облысында, мысалы, жанар-жағармай бекеттеріндегі дизель бағасы бір литр үшін 238-255 теңгеге дейін өсті, бірақ оны табу мүмкін емес, тіпті автокөліктерге де тек талонмен ғана жанармай құйылады.

 

Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.