Ақмола облысында пайдаланылмаған 1,5 млн га жер анықталды

Ақмола облысының прокуратурасы тексеру барысында 1,5 миллион гектардан астам пайдаланылмай жатқан жерді анықтады. Оның 120 мың гектардан астамы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы қадағалау органының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қадағалау органының актілерін орындау нәтижесінде көлемі 120 мың гектардан асатын және кадастрлық құны 1,8 миллиард теңгеде болатын 170 пайдаланылмаған жер учаскелері мемлекеттік қорға қайтарылды», - деп хабарлады прокуратура.

Айта кету керек, жерді тартып алу - бұл ең соңғы жасалатын іс-шараның бірі. Бастапқыда жер пайдаланушыға белгіленген мақсатқа сәйкес жерді игеру бойынша шаралар жасауы керектігі  туралы жазбаша хабарлама жіберіледі. Осылайша, прокуратураның жұмыстарына сәйкес кадастрлық құны 5,3 млрд. теңгені құрайтын 657 мың га алаңда 500-ден астам учаскені игеру басталды.

Сонымен қатар, егер жер ұзақ мерзім бойы белгілі бір мақсатта пайдаланылмаса, ондаған есе салық төлеу және жерді мемлекеттік қорға қайтару туралы мәселе қарастырылады. Сонымен қатар, жер учаскесі тәркіленгеннен кейін жерді қайта алу мүмкін емес және жауапсыз тұлғалар тізіміне енгізіледі.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша уәкілетті органдарға ьтиісті шара қолдану үшін  актілер жіберілді. Пайдаланылмаған жерлерді анықтау және мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасуда.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.