Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Алдағы демалыс күндері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында барлық базарлар жабылады
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында «карантиндік демалыс» қайтадан енгізілуде, осыған байланысты барлық сауда нысандары екі күн бойы жабылады, тек қана үйлердің жанындағы азық-түлік дүкендері жұмыс істейтін болады. Бұл туралы қала әкімдіктері хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласында 27-28 маусымда тек үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Жұмыс кестесі – 10.00-ден 17.00-ге дейін болады.
Қалада екі күн бойы барлық сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, дүкендер, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар/дүкендердің жұмысы тоқтатылады. Демалыс күндері тұрғындарға жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне, дәріханаға баруға, медициналық қызмет алуға немесе жұмыс істеуге рұқсат етілген қызметінен басқа жерге баруға, үйлерінен шығуға тыйым салынады. ⠀
Кафелер мен мейрамханаларға келушілерді тек ашық жерде, қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып қабылдауға рұқсат етіледі.
Алматы қөаласында 27-28 маусымда ірі сауда желілері, соның ішінде азық-түлік сататындар, барлық жабық базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады. Демалыс күндері қоғамдық көлік жұмыс істемейді.
Қоғамдық тамақтану орындарына келушілерге көшедегі ашық жерде, қашықтықты және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, қызмет көрсетуге рұқсат етіледі.
Осы аптадағы демалыс күндері Өскемен, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Алматы, Маңғыстау және Ақмола, Түркістан облыстарында қатаң карантин енгізілгенін ескертеміз «Карантиндік демалыс» Қазақстанда алғаш рет өткен аптада, 20 және 21 маусымда енгізілген болатын. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында COVID-19 індетін жұқтырған 19 750 жағдай тіркелді, оның ішінде 12 304 адам емделіп шықты, ал 147 адам қайтыс болды.