Қазақстанда аграрлық ғылымды қаржыландыру екі есе артты

ҚР-да аграрлық ғылымды 2021-2023 жылдарға қаржыландыру екі еседен астам көлемге артты. Бұл туралы Facebook-те Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының (ҰАҒББО) басқарма төрағасы Төлеутай Рахимбеков хабарлады.

Бағдарламаларды қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысының хаттамаларында бекітілген.

«ҚР АШМ мақсатты қаржыландыру бағдарламасы бойынша (МҚБ) - 2021 жылға - 16,2 млрд. теңге, 2022 жылға - 16,8 млрд. теңге, 2023 жылға - 17,4 млрд. теңге бөлінді. 2018-2020 жылдармен салыстырғанда аталған мөлшер 2,16-2,32 есе көп», - деді Төлеутай Рахымбеков.

Бұған дейін ҰАҒББО-ны қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарын Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы және парламенттің екі палатасының депутаттары қолдаған болатын.

«Осы кездесулерде ҰАҒББО тракторлар мен комбайндар сатып алуға жұмсалған  «Жарғылық капиталды ұлғайту» бюджеттік бағдарламасынан (BP) бас тартуды ұсынды, бірақ қалған  ақшаны МҚБ-ны көбейту үшін жұмсауды айтқан болатын. Ескі ББ бойынша қаржылық-экономикалық негіздеме болу қажет, мемлекеттік сатып алулардан өту керек, шамамен 2-3 жыл уақыт кететін. Енді біз ЖКҚ аясында ғылыми жабдықтарды қаржылық-экономикалық негіздеместен және мемлекеттік сатып алусыз ала аламыз! » - деп түсіндірді ҰАҒББО басшысы.

Сонымен бірге ол аграрлық несие корпорациясы арқылы лизинг арқылы тракторлар мен комбайндарды сатып ала алатындықтарын айтты.

«Сондай-ақ негізгі қаржыландыру көлемін ұлғайту мәселесін шешудеміз», - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Төлеутай Рахимбеков Қазақстандағы аграрлық ғылымның дамуына не кедергі болып тұрғаны жайлы айтқан болатын.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в Facebook, канале в Telegram, подписывайтесь на нас в Instagram или на нашу рассылку.