Алматы облысында орналасқан макарон өндіруші компания өз өндірісін 85% арттырды

Алматы облысында орналасқан «Маревен Фуд Тянь-Шань» макарон өнімдерін шығарушы зауыт бір жыл ішінде азық-түлік өндіруді 85%-ға арттырды. Бұл туралы KAZAKH INVEST ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Зауыт тез дайындалатын макарон өнімдерін, дәстүрлі макарон тағамдарын  және Rollton, Big Bon және Petra брендтерімен түрлі сорпа шығарады. Компания Қазақстанда және Орта Азия аймағында тұрақты сұраныстың өсуіне байланысты өндірісті ұлғайтуды жалғастыруда.

«Қазіргі уақытта компания тез дайындалатын макарон, сорпа, картоп пюресі, тұздықтар, газдалған сусындар сияқты өнімдер шығарады және сатады. Бірінші жартыжылдықта облыста сатылым 30% -дан астамға өсті, өндіріс, оның ішінде негізгі өнім желілерін ашу  нәтижесінде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндіріс қуатын 85% -ға арттырды», - деп атап өтті ұлттық компания.

Қазіргі уақытта зауыт күшейтілген режимде жұмыс істейді, карантин кезеңінде тұрақты жабдықтау арқылы сұранысты ұлғайту міндеті тұр, өнім өндірілгеннен кейін бірден жіберіледі.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі зауыт өндірген барлық өнімдердің Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және басқа елдерге экспортталу деңгейі кәсіпорынның даму стратегиясына сәйкес өсіп келе жатқандығын және ол шамамен 70%-ды құрайды деп мәлімдеді.

Ақпан айында зауыт Big Bon брендімен тез дайындалатын кеспе шығарудың бесінші желісін іске қосты. Желі іске қосылғаннан кейін жұмыс орындары көбейді, қосымша 100-ден астам адам жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта компанияда 500-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.

Сондай-ақ, «Маревен Фуд Тянь-Шань» Қазақстан нарығы үшін жаңадан - Actibo газдалған брейндтоник сусынын шығарады.2019 жылдың қыркүйегінде бұл өнімді Қазақстанның 5 қаласында сату жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда компания Қазақстанның барлық дерлік аумағында, сонымен бірге Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға және Ресейге экспорттайды. Шілде айында бұл өнімдердің алғашқы партиясын Украинаға экспорттау жоспарлануда.

Қысқа мерзім ішінде «Маревен Фуд Тянь-Шань» өз өнімдерін, бренд портфолиосын кеңейтіп, жаңа биіктерге көтерілуді жоспарлап отыр. Бұл жағдай жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті фермерлерге қолдаудың артатындығын білдіреді, өйткені компания қазақстандық бидай мен тұзды макарон өнімдерін өндіру үшін көп мөлшерде пайдаланады, ал жергілікті жердеөндірілетін қантты Actibo шығару үшін қолданады.

«Маревен Фуд Тянь-Шань» - Ресейдегі және Украинадағы өндірістік активтерге иелік ететін «Mareven Food Holdings Ltd» халықаралық инвестициялық холдингінің еншілес компаниясы болып табылады.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в Facebook, канале в Telegram, подписывайтесь на нас в Instagram или на нашу рассылку.