Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстандық экспорттаушыларда Қытайға ауыл шаруашылық өнімдерін жіберуде қиындықтар туындауда
Қазақстандық экспорттаушылар ауыл шаруашылық өнімдерін Қытайға жөнелту кезінде шекарада қиындықтарға тап болды. Қазіргі уақытта бірнеше қазақстандық бөлімдер бұл мәселені шешуге кірісті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
«Қазақстан-Қытай шекарасында шілде айынан бастап Қытай аумағына азық-түлік және ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу мәселесі туындады. СІМ және ҰҚК-мен бірлесіп, біз тек қытайлық өнімдерді ҚХР нарығына шығаруға арналған «жасыл дәліздердің» тізімін үкіметаралық деңгейде бекіту мақсатында қытайлық тараппен құжаттарды жасаудамыз», - деп жазды Б.Сұлтанов Facebook бетінде.
Ол сонымен бірге Ресей шекарасында тез бұзылатын өнімдері бар жүк көліктерін кешіктіру мәселесіне тоқталды. Аталған жердегі жүктер туралы мәліметтер Қазақстан мен Ресейдің ветеринария саласындағы бірнеше мемлекеттік органдар арқылы өтетіндіктен, жүк көліктері шекара бекеттерінде бос тұр, олар «Меркурий» жүйесінде (РФ) ветеринарлық сертификаттардың берілуін күтуде.
“Егер Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ресейлік тараппен бірлесіп, ресейлік «Меркурий» жүйесінде ветеринарлық сертификатты беру үшін процестерді автоматтандыруды қолға алса, біздің елдегі экспортқа берілетін фитосанитариялық рәсімдеу жұмыстары тәулік бойы 24/7 режимде істесе, тауарларды тасымалдаудағы барлық процедуралар жылдам жасалатын еді. Сондай-ақ ілеспе құжаттар тез дайындалса, біз демалыс күндерді ескере отырып, күн сайын Ресей нарығына өнімдерді (тез бұзылатын тауарларды да, мысалы сүт өнімдерін) дер кезінде жеткізіп берер едік”, - деп атап өтті Б.Сұлтанов.
Министр наурыз айында аталған департамент телеграмм-канал (https://t.me/exportgov) ашқанын еске салды, онда экспорттаушылар тәулік бойы сұрақтар мен мәселелерін айтып, байланыса алады. Осы уақыт ішінде экспортқа шығарушылардың 600-ден астам мәселелерін шешуге және өз өнімдерін сату кезіндегі бірқатар кедергілерді жоюға мүмкіндік туды. Атап айтқанда, БАӘ-ге 10 тонна бал, Иранға 60 мың тонна астық және басқа өнімдер жеткізу мәселесі жүзеге асырылды.
«Наурыз айының ортасынан бастап біз сатуға кедергі келтіретін себептер мен жағдайды қиындататын мәселелерді таптық». Біз оларды шештік, ал кейбірін қарастыру үстіндеміз», - деп жазды СИМ басшысы.
Ол экспорттаушылар мен сыртқы нарыққа өнім шығаруды ойлаған кәсіпкерлерді министрлікке хабарласып, шетелдік серіктестермен байланыс орнатуға, экспортқа тауар шығаруда кеңесуге шақырды. Сонымен бірге кәсіпкерлерді экспортқа өнім шығаруда мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша көмек сұрауға шақырды.