Қостанай облысында жаңа аграрлық кластер құрылады

Қостанай облысы Байшуақ ауылында жұмыс істейтін GREEN TERRA компаниясы күнбағыс, бидай, картоп өсірумен айналысады, бордақылау алаңы бар. Компания Аграрлық кластерді құрайтын жаңа өндірістерді іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің өңірге сапары кезінде кәсіпорынды дамыту жоспарлары таныстырылды.

GREEN TERRA ЖШС-де сыйымдылығы 6 мың тоннаға дейін, климатты автоматтандырылған бақылау жүйесімен жабдықталған көкөніс қоймасы бар. Картопты калибрлеуге және тазартуға арналған жабдық орнатылған. Болашақта ЖШС суармалы жерлердің аумағын кеңейтіп, сүт-тауар фермалары мен ет комбинатын салуға ниетті.

«2 257 га аумақта суару жүйесін, 12 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасын және 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасын салуды жоспарлап отырмыз. Жобаны 2020 жылдан бастап іске асырып келеміз, оған 2 млрд теңге инвестицияланды. 2026 жылға дейін тағы 10 млрд теңге көлемінде инвестициялар жоспарлануда. 2020 жылы 225 га суару жүйелері іске қосылды, 2022 жылы 631 га жерге көкөніс қоймасы салынды. Екі кезеңде, 2026 жылға дейін біз 1200 басқа арналған СТФ саламыз. Мемлекеттен инвестициялық салымдарды өтеу нормасын 25-тен 40%-ға дейін ұлғайту бөлігінде біздің жобамызды қолдауды сұраймыз. Көкөніс қоймасына жол салуға және суару жобасына электр қуатын беруге көмектесуіңізді сұраймыз», - деді GREEN TERRA ЖШС директоры Ердос Тапаев.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек атап өткендей, көкөніс қоймаларының құрылысын ынталандыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі шығындарды өтеу нормативін 25%-дан 40-50%-ға дейін (қолданылатын сақтау технологиясына байланысты) ұлғайту бөлігінде инвестициялық субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Қажетті коммуникацияларды жүргізу мәселелерін әкімдік шешетін болады.

Тақырып бойынша оқу: Азық-түлік корпорациясы санаттан тыс астықты сатуға көмектеседі

Сонымен қатар, «Новый день» брендімен сүт өнімдерінің кең желісін шығаратын «МИЛХ» компаниясында өндірісті кеңейту жоспарлары туралы айтылды. Зауыттың неміс серіктесі Deutsches Milchkontor Gmbh-мен қатты ірімшік өндірісін бастау бойынша ауқымды жоспарлары бар. Жобаның құны 7,2 млрд теңгені құрайды, толық қуатқа шыққан кезде кәсіпорын тәулігіне 250 тоннаға дейін сүт өңдей алады. Биылғы жылы ЕО нарықтарына бағытталған алғашқы өндірістік желі іске қосылады деп жоспарлануда. Алайда, жоспарларды ойдағыдай іске асыру үшін бизнестің алдында тұрған шикізат тапшылығы мәселелерін шешу қажет. Қазіргі уақытта сүт 12 мың жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынады.

Серік Жұманғарин кәсіпорын ішкі нарыққа ірімшік өндіруді жолға қойса, алдағы жоспарларды жүзеге асыруға мемлекет тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін айтты. Үлкен жоба аясында Қостанай облысына биылғы жылы қуаттылығы 400 бастан басталатын сүт-тауар фермаларының құрылысына жеңілдікпен кредит беру үшін 15 млрд теңге  бөлінді. Өңірде барлығы осындай 23 нысанның құрылысы жоспарланған, бұл болашақта зауыттарға шикізат жеткізу мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.