Қытайдағы ірі сауда орнында Қазақстандық азық-түліктер сатыла бастады

Қазақстандық азық-түлік өнімдері Қытай елінің Хубэй провинциясындағы ең ірі сауда желілерінің бірінде сатыла бастады. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

«Осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық азық-түліктер Хубэй провинциясындағы екінші ірі сауда желісі - ZhongBai-де сатыла бастады. Біз үшінші сатушы - WuShang-пен келіссөздерді белсенді түрде жүргізудеміз», - деп жазды Сауда министрлігінің басшысы Facebook-те.

Министрдің мәлімдеуі бойынша, қазақстандық өнімдер Қытайдағы ірі бөлшек сауда желілеріне алғаш рет жеткізіліп отырғанын атап өтті. Қараша айында Б.Сұлтановтың Уханьға сапары кезінде Қазақстан Wuhan Asia Europe Logistics Co., Ltd. және Wuhan Zhongshang Group Co, Ltd-мен қазақстандық тамақ өнімдерін сату туралы компаниялармен келісім жасаған болатын.

«Сол барған сапарымызда біз ZhongShang дүкендерінің бірінің сөрелеріне өнімдерімізді қойған болатынбыз. Содан кейін гипермаркеттерінің бірінде қазақстандық тауарларды бір жерге қойып, арнайы бөлімде ашты (ол сөрелерде Қазақстандық 30-дан астам тауарлар: кондитерлік өнімдер, шырындар, макарон өнімдері, өсімдік майы болды). Қаңтарда екінші арнайы бөлім ашамыз деп жоспарланған еді, бірақ пандемия бұл жоспарға кедергі болды. Біздің тауарларымыз сатылатын екінші үлкен бөлім жыл соңына дейін Уханьда пайда болады деп үміттенеміз», - деді Б.Сұлтанов.

ZhongShang, ZhongBai және WuShang провинциядағы ең ірі сауда желілері. Хубэй астанасы Ухань қаласында 60 миллионға жуық адам тұрады - бұл қазақстандық өнімнің болашақтағы тұтынушылары.

«Айта кетерлік жағдай, біздің («KazIr-Agro» өндіретін) мақсары майы Шыңжаң, Шэньси, Фуцзянь және Пекин провинцияларында да сатылады. Қазір KazakhExport Гуандун және Чжэцзян провинцияларына жеткізу мәселесін қарастыруда. Қытайдың оңтүстігінде су тасқыны салдарынан ҚХР-да күтілетін азық-түлік тапшылығы аясында Қазақстан үшін азық-түлік экспортының жаңа мүмкіндіктері ашылуда деп ойлаймын. Әсіресе қазір біз ірі сауда желілері арқылы сауда жасай бастадық. Әрине, ішкі нарықтың қажеттіліктері толық қанағаттандырылғаннан кейін, сыртқа шығарылады», - деді министр.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.