Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Ауыл партиясының стратегиялық қадамдары: ауыл шаруаларының - табыс көзi
Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз! «Ауыл» партиясының бұл қанатты сөзі бүгінде жай ғана ұран емес, нақты істердің темірқазығына айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың табысын арттыру жөніндегі тапсырмасын негізге алған партия ұжымы еліміздің түкпір-түкпірінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеруге бағытталған ауқымды жобаларды іске асыруда.
Кеше ғана Қарағанды облысының Осақаров кентінде өткен «Ауыл тұрғындарының табысын арттыру» атты республикалық форум осы жүйелі жұмыстың жарқын айғағы болды. Жиынға өңірдің Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осақаров және Шет аудандарынан 200-ден астам делегат - шаруа қожалықтарының иелері, ауыл әкімдері мен кәсіпкерлер қатысты.
Партия бұл бағыттағы жұмысты 2025 жылдан бастап қарқынды жүргізіп келеді. Бір жылдың ішінде еліміздің түрлі өңірлерінде 13 ірі семинар-тренинг ұйымдастырылып, оған мыңнан астам адам қатысты. Бұл жиындардың ерекшелігі - оған тек фермерлер ғана емес, әскери қызметшілер, ауыл әкімдері, ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары мен мемлекеттік қызметшілер де тартылды.
Партия мамандары тек теориямен шектелмей, ауыл тұрғындарына бизнес-жоспар құруды, гранттарға өтінім беруді және тауарлық несие алудың жолдарын үйретті. Спикерлер қатарында отандық ғалымдар мен тәжірибелі технологтар мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, сүт пен етті өңдеу, тіпті ауыл туризмін дамытудың қыр-сырын бөлісті.
Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен өткен кезекті форумда «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов ауыл экономикасын көтерудің стратегиялық маңыздылығына тоқталды.
«Біздің мақсатымыз - ауыл адамына дайын балық беру емес, оған қармақ беріп, нәпақасын табуды үйрету. Тауарлық несие беру, кооперацияны дамыту және шағын бизнесті қолдау арқылы біз ауылдағы әрбір отбасының тұрақты табыс көзін қалыптастыруымыз керек», – деді Қайрат Капарұлы.
Форум барысында ұсынылған ең сәтті кейстердің бірі - тауарлық несиелеу тәжірибесі. Мысалы, «Мурза» ауылдық тұтыну кооперациясының үлгісі бойынша, тұрғындарға құс балапандары (қаз) беріледі. Тұрғындар оны өсіріп, кейін өніммен немесе төлімен қайтарады. Бұл бастапқы капиталы жоқ отбасылар үшін нақты кәсіп бастауға зор мүмкіндік.
Бүгінгі ауыл – тек егін егіп, мал бағатын жер емес. Заманауи технологиялар мен әлеуметтік желілер ауыл өнімін делдалсыз сатуға жол ашты. Форумда кәсіпкер Жазира Тілегенова үй өнімдерін Instagram және TikTok арқылы тікелей тұтынушыға өткізудің тиімділігін көрсетті. Бұл – ауылдағы микро-кәсіпкерліктің жаңа деңгейі.
Сонымен қатар, ауыл туризміне де басымдық берілді. Сұлтан Сауровтың бал ара шаруашылығы негізіндегі «демалыс күніндегі туризм» жобасы мен Осақаров ауданындағы «Тоқсумақ» агротуристік базасы қала тұрғындарын ауылға тартып, қосымша табыс табудың жаңа көзі екенін дәлелдеді.
Форумда көтерілген өзекті мәселенің бірі - сервистік-дайындау орталықтарын (СДО) құру. Бұл орталықтар ауылдағы ұсақ тауар өндірушілерді біріктіретін алтын көпір болмақ. СДО арқылы өнімді жинау, алғашқы өңдеу, сақтау және ірі нарықтарға шығару жүйеленеді. Бұл логистикалық шығындарды азайтып, ауыл өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
«Ауыл» партиясының 2026 жылға арналған жоспары бұдан да ауқымды. Осақаровтағы басқосудан кейін, сәуірдің соңында Ақмола облысының Степняк қаласында, мамырда Оралда (600 адам), маусымда Петропавлда (300 адам) үлкен форумдар жалғасын таппақ.
Форумды қорытындылай келе, Қайрат Айтуғанов жиында айтылған барлық ұсыныстар мен практикалық шешімдер партиялық бағдарламалар арқылы Үкімет деңгейінде ілгерілетілетінін жеткізді. Ауылдағы ағайынның табысы артса – елдің еңсесі тіктеледі.
Жаңартылған Конституциямызда бекітілген халықтың әл-ауқатын арттыру басымдығы іс жүзінде осылай орындалуда. «Ауыл» партиясы осы жолда өзінің саяси жауапкершілігін толық сезініп, нақты істермен алға жылжып келеді.
Луиза Узарова, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры:

Өз ауылыңның қызу тіршілігін бақылау қандай керемет. Әсіресе Осакаровканың дәл осындай ауқымды форумды өткізу алаңына айналғаны қуантады, әсіресе ол ауыл тұрғындарының табысын арттыру мәселелеріне арналған кезде.
Шабыттандыратыны - ауылдық елді мекендердің тартымды орталыққа айналуы, аграрлық секторды күшейтуге, өндіріс көлемін арттыруға, нақты жобалар, оқыту және нарықтарға қолжетімділікті кеңейту арқылы халықтың табысын арттыруға бағытталған тетіктердің болуы.
Облыстың шаруа қожалықтарының басшыларын бір жерге жинап, оларға өзекті мәселелерді талқылауға арналған алаң ұсыну, онда бірлескен күш-жігердің арқасында жаңа идеялар, тәсілдер және өсу мүмкіндіктері туындайды - бұл практикалық шешімдер әзірлеудің нақты тетігін құру деген сөз.
Қала мен ауылдың қарама-қарсы емес, өзара толықтыратын даму кеңістігі екенін түсінетін адам - ауылдарды қолдау мен дамыту жалпы әл-ауқат пен өркендеудің факторы болатын тікелей экономикалық байланысты қалыптастырады. Бұл бағытта «Ауыл» партиясының қызметі ауыл тұрғындарының өзекті қажеттіліктері мен сұраныстарын нақты қолдау шараларына айналдыра отырып, практикалық көзқарасты көрсетеді.
Елдос Жұмағұлов, саясаттанушы:
Ауыл тақырыбы Қазақстан үшін әрдайым стратегиялық маңызға ие. Бұл тек әлеуметтік мәселе емес, сонымен қатар ұлттық экономиканың тірегі. Сондықтан ауылдың даму деңгейі елдің жалпы даму қарқынын айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болып қала береді. Ауылдан шыққан азаматтар үшін бұл тақырыптың эмоциялық маңызы да ерекше, алайда оны тек сезім деңгейінде емес, жүйелі саясат пен нақты құралдар арқылы шешу қажет.
Қазіргі таңда ауылдық жерлерде бірқатар жүйелі проблемалар сақталып отыр. Шаруалар өнім өндіргенімен, оны тиімді өткізу, сақтау және өңдеу тізбегінің әлсіздігі табыстың өсуіне кедергі келтіреді. Делдалдықтың басымдығы, логистикалық инфрақұрылымның жеткіліксіздігі және нарыққа тікелей шығу арналарының шектеулілігі ауыл шаруашылығының толық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздік тереңдей түседі.
Бұл мәселелер саяси партиялардың күн тәртібінде әртүрлі деңгейде көрініс табуда. Осы тұрғыда «Ауыл» партиясының ұстанымы салыстырмалы түрде жүйелі сипатқа ие. Партия ауылды экономиканың дербес әрі маңызды драйвері ретінде қарастырып, нақты құралдарға сүйенген саясат ұсынады. Оның ішінде ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған жобалар, кәсіби оқыту мен біліктілікті көтеру, кооперацияны дамыту, өнімді өңдеу мен өткізу тізбегін жолға қою, сондай-ақ инфрақұрылымды жетілдіру секілді бағыттар бар. Табыс арттыру форматындағы диалогтық алаңдар мемлекеттік органдар, сарапшылар және шаруалар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге мүмкіндік беріп отыр.
Бұның нәтижесі ретінде жұмыспен қамтудың артуы, өндіріс көлемінің өсуі және ауыл халқының әл-ауқатының жақсаруы күтіледі. Сонымен қатар ауыл экономикасының күшеюі қалалық нарықтарға да оң әсер етеді: отандық өнім көлемі артып, баға тұрақтылығы қамтамасыз етіледі, азық-түлік қолжетімділігі жоғарылайды. Бұл өз кезегінде елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, импортқа тәуелділікті төмендетуге ықпал етеді.
Жалпы алғанда, ауылдық мәселелерді жүйелі және кешенді түрде шешу - Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақты дамуының негізгі шарттарының бірі. Бұл жерде басты мәселе - бастамалардың көптігі емес, олардың іске асу сапасы мен нақты нәтижесі. Осы тұрғыдан алғанда, ауылды қолдау тек жекелеген өңірлердің мәселесі емес, бүкіл елдің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығының негізі болып табылады.
Ержан Ибраев, саясаттанушы:

Ауыл экономикасы: нақты нәтиже қайда басталады? Ауыл тақырыбы - тек жергілікті мәселе емес, бұл ел экономикасының тірегі. Сондықтан оны дамыту нақты әрекеттермен өлшенуі тиіс. Осы бағытта Ауыл партиясы ауыл экономикасын жүйелі түрде күшейтуге басымдық беріп келеді.
Бүгінде ауылдағы негізгі түйткілдер бәріне белгілі: тұрақты табыс көзінің аздығы, өнімді өткізу қиындығы, жұмыс орындарының жетіспеуі. Партия осы мәселелерді шешуде нақты құралдарға сүйенуді ұсынады, басты назар ауыл тұрғындарының табысын арттыруға аударылған. Мәселен, өңірлерде ұйымдастырылып жатқан форумдар жұмыс істейтін алаңға айналуда. Онда фермерлер мен кәсіпкерлерге нақты тәжірибе ұсынылады: бизнес-жоспар жасау, грантқа өтінім беру, жеңілдетілген несие алу жолдары түсіндіріледі.
Сонымен қатар, тауарлық несиелеу арқылы ауыл тұрғындарына бастапқы мүмкіндік беріледі: мал немесе құс алып, оны өсіріп, кейін өніммен қайтару. Бұл - бастапқы капиталы жоқ азаматтарға нақты қолдау.
Цифрлық мүмкіндіктер де тиімді пайдаланылып жатыр. Ауыл кәсіпкерлері өз өнімін әлеуметтік желілер арқылы тікелей сатып, табысын арттыруда. Бұл шағын бизнестің дамуына жаңа серпін береді.
Ауыл туризмі де назардан тыс қалған жоқ. Агро-туризм жобалары ауылға қосымша табыс әкеліп қана қоймай, қала мен ауыл арасындағы байланысты нығайтады.
Тағы бір маңызды бағыт - сервистік-дайындау орталықтарын құру. Бұл бастама ұсақ өндірушілерді біріктіріп, өнімді жинау, өңдеу және нарыққа шығару процесін жеңілдетеді. Нәтижесінде шығын азайып, бәсекеге қабілеттілік артады.
Жалпы, Ауыл партиясы ұстанымы айқын: маңыздысы тек бастама емес, нақты нәтиже. Ауылда табыс өссе, жұмыс көбейсе, өнім еркін сатылса - бұл бүкіл ел экономикасының күшеюіне әсер етеді. Сондықтан ауылды дамыту - әлеуметтік міндет қана емес, стратегиялық экономикалық бағыт.
Фарида Мұсатаева, мәдениеттанушы, PhD:

Экономиканың дамуы талқыланғанда, көбінесе әңгіме қалаларға келіп тіреледі. Бірақ неғұрлым дәл сұрақ - бұл экономиканың өзі негізінен нені тірек етеді?
«Ауыл» партиясы түсінікті жауап ұсынады: әлбетте ауылды. Және бұл жай ғана ұран емес, дәйекті іс-әрекет логикасы екені маңызды.
Мәселе тек қолдау көрсетуде емес, жұмыс істейтін модель қалыптастыруда: халықтың табысы нақты жобалар, оқыту, кооперация және нарықтарға қолжетімділік арқылы қалыптасады. Яғни, бір реттік шаралар емес, ауылдық аумақтардың экономикасын өзгертуге талпыныс арқылы.
Нәтижелер қазірдің өзінде байқалады. Жұмыспен қамту артып келеді, өндіріс көлемі ұлғаюда, табыстар тұрақтануда. Бірақ ең бастысы - әсері ауыл шегінен әлдеқайда кең таралады.
Турасын айтқанда, Қазақстандағы қала мен ауыл - біртұтас жүйе. Ал ауыл қалаларды бірнеше негізгі бағыт бойынша қамтамасыз етеді: азық-түлік - елдің азық-түлік негізін дәл ауылдық аумақтар қалыптастырады; шикізат - қайта өңдеу мен өнеркәсіптің жұмыс істеуіне негіз болатын аграрлық және ресурстық база; адамда - ауылдан қалаға көші-қон көбіне қалалардың кадрлық әлеуетін қалыптастырады.
Осы тұрғыда қарапайым байланыс айқын көрінеді: ауыл қаншалықты күшті болса, қалалар да соншалықты тұрақты болады.
Табысты арттыруға арналған форумдар туралы бөлек айтар болсам. бұл жалықтыратын кездесулер емес, нақты жұмыс алаңдары - жиналды, талқылады және бірден әрі қарай не істеу керектігін шешті.
Қорытындысында логика өте айқын: ауылды қолдау - бұл тек бір саланы қолдау емес, бұл бүкіл ел экономикасының тұрақтылығы жайында.