Алматыда 35 елден келген 635 компания тамақ өнеркәсібінің жаңа технологияларын таныстырады

2026 жылғы 11–13 қараша аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО аумағында 28-ші Орталық Азиялық халықаралық FoodExpo Qazaqstan 2026 көрмесі өтеді. Ауқымды экспозиция № 7, 8, 9, 10 және 11 бес павильонда орналасып, азық-түлік өнімдерін, ингредиенттерді, тамақ өнеркәсібіне арналған технологиялар мен жабдықтарды ұсынатын 35 елден келген 600-ден астам компанияның басын қосады.

Көрме жаңа өнімдер мен технологиялық шешімдермен танысуға, жеткізушілерді табуға, іскерлік байланыстар орнатуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретін алаңға айналады.

 

Халықаралық қатысу: ұлттық стендтер мен бірлескен экспозициялар

FoodExpo Qazaqstan 2026 көрмесіне Австрия, Әзербайжан, Беларусь, Германия, Индонезия, Иран, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Нидерланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Польша, Ресей, Сингапур, Словакия, АҚШ, Таиланд, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия, Швейцария, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея және Жапония компаниялары қатысады.

Экспозицияның елеулі бөлігін Беларусь, Германия, Малайзия, Пәкістан, Польша және Корея Республикасының ұлттық топтары құрайды. Сондай-ақ Сингапур, Малайзия және Индонезия компанияларын біріктіретін Asian Halal Group бірлескен экспозициясы ұсынылады.

АҚШ-тың ет, құс еті және жұмыртқа өндірушілері өз өнімдерін USAPEEC және USMEAT Export Federation ұйымдарының қатысуымен таныстырады.

Ресейдің қатысуын экспортты қолдау жөніндегі өңірлік орталықтардың бірлескен экспозициялары толықтырады. Олардың қатарында Башқұртстан, Татарстан, Удмуртия және Чувашия республикалары, Белгород, Иваново, Калининград, Киров, Нижний Новгород, Новосибирск, Омбы, Орынбор, Пенза, Смоленск және Челябі облыстары, Краснодар өлкесі мен Санкт-Петербург бар. Бұдан бөлек, «Кубаньда жасалған» экспозициясы ұйымдастырылады.

 

Азия елдерінің көрмедегі үлесі артады

FoodExpo Qazaqstan 2026 көрмесінің басты ерекшеліктерінің бірі — азиялық бағыттың кеңеюі. Вьетнам, Үндістан, Индонезия, Қытай, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Шри-Ланка, Жапония және басқа елдердің өндірушілері мен жеткізушілері азық-түлік өнімдерін, ингредиенттерді, жабдықтар мен қаптама шешімдерін ұсынады.

Қытай тамақ өнеркәсібіне арналған өнімдер мен технологиялық шешімдердің кең ассортиментін таныстыратын 100-ден астам компаниямен қатысады.

Халал бағытына ерекше назар аударылады. Экспозиция аясында Индонезия, Малайзия және Сингапур компаниялары өз өнімдерін ұсынып, Азия нарықтарымен іскерлік байланыстарды дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

 

Еуропа, ТМД және Орталық Азия: ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері

Еуропалық бағыт Германия, Италия, Польша, Швейцария және басқа елдердің азық-түлік өнімдерін, ингредиенттерді, технологиялар мен жабдықтарды жеткізушілерін біріктіреді.

Польша тарапынан қатысатын компаниялардың елеулі бөлігін Польша Ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту министрлігінің қолдауымен KOWR ұйымы ұйымдастыратын ұлттық стендте ұсынылатын азық-түлік пен сусын өндірушілері құрайды. Сонымен қатар көрмеге ингредиенттер, қаптама және жабдық өндіруге маманданған поляк компаниялары да қатысады.

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері мен Орталық Азия компаниялары да дәстүрлі түрде кеңінен қатысады. Олар үшін көрме серіктестер табуға, өткізу нарықтарын кеңейтуге және сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді.

 

Шикізаттан дайын өнімге дейін: тамақ өнеркәсібіне арналған технологиялар мен жабдықтар

Көрменің негізгі мамандандырылған алаңдарының бірі — ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу және азық-түлік өндіру технологиялары мен жабдықтарына арналған № 11 павильон.

Экспозицияда сүт және ет өнеркәсібіне арналған шешімдер, құю технологиялары, нан және кондитерлік өнімдер өндіруге арналған жабдықтар, ингредиенттер, қаптама шешімдері, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға және жаңа өндірістерді іске қосуға қажетті өзге де технологиялар ұсынылады.

Бұл бағыттың өзектілігі Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің дамуымен арта түсуде. 2026 жылы жалпы құны 35,1 млрд теңге болатын сүт өңдеуге қатысты 10 жобаны және құны 32,8 млрд теңгені құрайтын ет өңдеу бойынша 14 жобаны іске асыру көзделген.

Өндірістік қуаттардың кеңеюіне байланысты кәсіпорындардың заманауи технологиялық жабдықтарға, автоматтандыруға және өндірістік үдерістердің тиімділігін арттыруға деген сұранысы да өсіп келеді. № 11 павильон экспозициясында Германия, Италия, Швейцария, Чехия, Польша, Ресей, Қытай және Қазақстанның жабдық өндірушілері мен жеткізушілері бас қосады.

Көрмеге келушілер сүт пен ет өңдеуге арналған шешімдермен танысып, жабдық өндірушілерінің ұсыныстарын зерделеп, өз кәсіпорындарының қажеттіліктеріне сәйкес келетін технологияларды таба алады.

 

Food Business Forum Qazaqstan 2026: нарық, ритейл және цифрлық технологиялар

Көрменің маңызды бөліктерінің бірі — INFOLine талдау компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылатын Food Business Forum Qazaqstan 2026 форумы. Екі күндік іскерлік бағдарлама жетекші компаниялардың басшыларын, FMCG-ритейл өкілдерін, азық-түлік өндірушілерін, сондай-ақ маркетинг, коммерциялық стратегия, цифрлық технологиялар және бизнес-процестерді басқару саласындағы сарапшыларды біріктіреді.

  • 11 қараша — нарық, FMCG-ритейл және жаңа өнімдер:

Форумның бірінші күні нарықтың қазіргі жағдайына, өндірушілер мен сауда желілерінің өзара іс-қимылына және жаңа өнімдердің коммерциялық әлеуетіне арналады. Қатысушылар саладағы өзекті үрдістерді және тұтынушылық сұраныс өзгерген жағдайда бизнесті дамыту мүмкіндіктерін талқылайды.

  • 12 қараша — AI & Digital Food Day:

Екінші күн AI & Digital Food Day тақырыбымен өтеді. Негізгі назар жасанды интеллектіні, автоматтандыруды және IT-шешімдерді тамақ өнеркәсібінде, FMCG секторында және ритейлде практикалық қолдануға аударылады. Сарапшылар операциялық үдерістердің тиімділігін арттыруға және нақты бизнес-міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін технологияларды қарастырады.

FoodExpo Qazaqstan 2026 көрмесінде кездескенше!

Қатысушылардың халықаралық құрамы, өнім санаттарының алуан түрлілігі, заманауи технологиялар мен мазмұнды іскерлік бағдарлама жаңа жеткізушілерді табуға, іскерлік байланыстар орнатуға, экспорттық-импорттық операцияларды дамытуға және технологиялық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

FoodExpo Qazaqstan 2026 — үш күн ішінде халықаралық өндірушілермен танысып, жаңа өнімдер мен технологияларды ашуға және бизнесті дамыту үшін серіктестер табуға мүмкіндік беретін алаң.

  • Өтетін күні: 2026 жылғы 11–13 қараша
  • Өтетін орны: Алматы қаласы, «Атакент» ҚІЫО, № 7, 8, 9, 10 және 11 павильондар.
  • Ұйымдастырушылар: Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі — ICA Events компаниялар тобы.

Көрмеге кіру тегін. FoodExpo Qazaqstan ресми сайтында WFKELDAL26 промокодын пайдаланып, қатысушы бейджін алыңыз.

Көрме туралы толығырақ ақпарат: foodexpo.kz

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.