Алматы облысында тағамдық қоспалар өндірісі іске қосылды

Алматы облысында хош иістендіргіштер, кешенді тағамдық қоспалар мен панировка қоспаларын өндіретін Segmenta компаниясының жаңа зауыты іске қосылды. Бұл ингредиенттер сусындар, сүт және кондитерлік өнімдер, нан-тоқаш өнімдері, тағамдар өндірушілеріне, сондай-ақ ет өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарына арналған, деп Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Зауыттың қуаттылығы жылына 8 мың тоннаға дейін өнім өндіруге есептелген. Өндірістің маңызды ерекшеліктерінің бірі — жаңа дәм мен хош иіс үйлесімдерін зерттеп, әзірлеуге арналған жеке ғылыми-зерттеу базасының болуы. Өнім өндіру барысында халықаралық жеткізушілерден алынатын 3 мыңнан астам түрлі шикізат пен құрамдас бөлік пайдаланылады. Олардың қатарында Франция, Италия, Германия, Үндістан және АҚШ компаниялары жеткізетін өнімдер бар.

Кәсіпорынның ашылуы — Shin-Line Group компаниялар тобының Қазақстанда азық-түлік кластерін құруға бағытталған стратегиялық жобасының бір бөлігі. Жоба аясында 300 млрд теңгеге дейін шетелдік инвестиция тарту, шикізатты терең өңдеуді дамыту, экспорт көлемін ұлғайту және жоғары технологиялы жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген.

Азық-түлік кластерін дамыту отандық қайта өңдеушілер мен технологиялар мен шикізатты халықаралық жеткізушілер арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ қазақстандық тамақ өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Segmenta зауытының ашылуы — біртұтас кластер негізінде жоғары технологиялы, қосылған құны жоғары өнім өндіру ісінің жолға қойылғанын көрсететін жарқын мысал. Өндірістік кооперацияны дамыту, озық халықаралық тәжірибені енгізу және негізгі құрамдас бөліктерді жергіліктендіру арқылы біз өңірдің дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, Қазақстанның тамақ өнеркәсібін халықаралық деңгейге көтеруге мүмкіндік аламыз», — деді Shin-Line Grouр президенті Андрей Шин.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.