Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінің азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясын жүзеге асыруға қатысатын болады

Бүгін ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің Абу-Дабиге жасаған жұмыс сапары барысында Қазақстан үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерімен инвестициялық ынтымақтастықта жұмыс істеу жөніндегі құжатқа қол қойды. Аталған келісім шарт бойынша $6,1 млрд-қа 21 жоба іске асырылады, деп хабарлады ҚР премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

«ҚР мен БАӘ агро өнеркәсіп секторындағы ынтымақтастық шараларын іске асыруға ерекше назар аударатын болады. Аталған жұмыс бойынша 21 жобаның 10-ы құны жоғары азық-түлік өнімдерін шығаруды көздейді. Бұл Қазақстанға БАӘ жүзеге асырып жатқан 2051 жылға дейінгі азық - түлік қауіпсіздігі стратегиясының маңызды саласы болуға мүмкіндік береді және екі ел арасындағы тауар айналымын одан әрі арттыруға ықпал етеді», - деп хабарлады Министрлер кабинеті.

Жалпы, баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, елдегі инвестиция салынған жобалар қосымша құны мен рентабельділігі жоғары өнімдер болып табылады. Сондай-ақ ішкі және перспективалы сыртқы нарықта сұранысқа ие жаңа өндірістер құру жоспарланып отыр.

Аталған жобаларды іске асыру Қазақстанда жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ озық технологиялар мен практикалар қолданылатын болады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.