ElDala.kz онлайн-форум ұйымдастыруда AgriFood серіктесі болады

AgriFood Qazaqstan 2020 форумына қатысушылар заманауи нарық жағдайында тиімді сауда жасау мәселесін талқылайтын болады. Аталған іс-шара 3- 5 қараша аралығында  agroworld.kz сайтында онлайн режимде өтеді. ElDala.kz порталы жалпы ақпараттық серіктес ретінде форумның барлық маңызды жағдайларын хабарлап, айтып береді.

Бұл форумда Iteca компаниясы қазақстандық көрме ұйымдастырады, ол мемлекеттік органдарды, салалық қауымдастықтарды, отандық бизнес өкілдерін қазіргі жағдайды талқылап, өзекті мәселелердің шешімін іздеуге шақырды.

Форум аясында «Азық-түлік индустриясы» - «FoodExpo Qazaqstan» және «Ауылшаруашылығы» - AgroWorld Qazaqstan халықаралық көрмелерінің қатысуымен төрт тақырыптық сессия жоспарланған:

- Қазақстанның аграрлық секторына инвестицияларды тарту;

- құс тұмауы: қауіпті азайту және алдын алу шаралары- Қазақстан құс өсірушілер одағының вебинары;

- Қазақстандағы жеміс-көкөніс бизнесі: COVID'19  ісері және дағдарыстан шығу жолдары;

- наубайхана технологиялары және наубайхана өндірісін дамыту - оқыту бағдарламасы.

«Коронавирус індеті ғаламшардағы өмірді өзгертті, әлемді жайлаған ауру ауыл шаруашылығына да әсер етуде. 2020 жылғы оқиғалар жаңа шындыққа бет бұрып, қадам басуға мәжбүр етті. Мұнда ауыл шаруашылық индустриясы елдің азық-түлік қауіпсіздігінің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты сала екендігі тағы дәлелденді. Аграрлық индустрияның іскер топтарының онлайн-кездесуі агроөнеркәсіптік кешеннің тенденцияларын анықтауға және алдағы жылдарға арналған даму бағдарын алдын-ала анықтауға көмектеседі», - деп атап өтті форум ұйымдастырушылары.

Бұл іс –шарада Ауыл шаруашылық өндірісін автоматтандыру және роботтандыру, машиналар мен техникалық қызметтерді цифрландыру және заманауи телекоммуникациялық технологиялар арқылы отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басты назар аударылатын болады деп күтілуде. Отандық және халықаралық сарапшылар өз тәжірибелерімен бөліседі.

AgriFood Qazaqstan 2020 онлайн-форумының серіктестері - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстанның құс өсірушілер одағы, Қазақ бау-бақша шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Алматы облысының бағбандар қауымдастығы және BSPiK академиясы.

Форумға қатысуға тіркеліп, оның бағдарламасымен  мына сілтемеден  танысуға болады.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.