Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Качественные семена станут для фермеров доступнее ― Курманов
Тұқым шаруашылығын қолдау және тұқым тазалайтын техникаларды сатып алуды инвестициялық субсидиялау талаптары фермерлер үшін қолайлы болмақ, деп хабарлады Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз-қызметі хабарлады.
2020 көктемгі-егіс жұмыстары дайындығына байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қостанай облысында өткізген мәжілісі барысында Рүстем Құрманов аграрлық саланы сапалы тұқымдық материалдармен қамтамасыз етуге қатысты заңнамада жасалған өзгерістерді айтты.
«Фермерлердің өтініші бойынша тұқымға субсидия беру ережелері өзгертілді. Енді оны Қазақстанда сатып алса да, шетелдік өндірушілерден тікелей сатып алса да барлық шаруалар үшін субсидия алуға мүмкіндік бар. Бұрынғы талаптарда бұл қарастырылмаған еді. Енді аталған шарттар бойынша сапалы тұқым алу барлық шаруаларға қолжетімді», - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
Сонымен қатар, Рүстем Құрманов егер бұрын фермерлерге тек импорттық тұқым тазалайтын техниканы сатып алуға субсидия берілсе, енді отандық және украиналық компаниялардың өнімдерін, сондай-ақ ТМД елдерінің тауарларын сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеу енгізілгенін атап өтті.