В 2020 г. АгромашХолдинг KZ увеличит производство сельхозтехники до 740 единиц

«АгромашХолдинг KZ» компаниясы 2020 жылы өнімдерін 491 -ден 740 бірлікке дейін арттыруды  жоспарлап отыр. Бұл туралы AgriTek/FarmTek Astana 2020  XV Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылық көрмесінің жұмысы барысында  кәсіпорын өкілдері айтты.

«АгромашХолдинг KZ» көрмеге LOVOL трактор  модельдерінің түрін және  Essil-760 комбайндарын әкелді.

«Бірнеше жыл бұрын біз Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасының ескірген паркін көрген едік, ондағы заттарды жаңарту қажет болатын. Осындай көрмелердің, сондай ― ақ мемлекеттің қолдауының арқасында аграрлық секторда сапалы, қолжетімді, отандық ауыл шаруашылығы техникасын еркін таңдап алуға қазір мүмкіндік бар»,-деп атап өтті "АгромашХолдинг KZ" компаниясының бірінші Вице-президенті Динара Шукижанова.

Динара Шукижанованың айтуы бойынша,  «АгромашХолдинг KZ» 2019 жылы астық жинайтын  «ESSIL» комбайнының 355 бірлігін және «Lovol» маркалы трактордың 136 бірлігін жасап шығарған.  Зауыттың қуаты 2018 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан. Ал 2020 жылы техника санын 740 бірлікке арттыру жоспарланып отыр.Оның ішінде ― 350 бірлік трактор және 390 бірлік астық жинайтын комбайндар жасалады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.