Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Аграриям не хватает финансовых средств для развития производства — Кузьмичев
ҚР-дағы аграрлық шаруашылықтың дамуын қаржы тапшылығы тежеп отыр, деді «Кузьмичев» шаруа қожалығының директоры Андрей Кузьмичев.
Мұндай пікірді ол AgriTek/FarmTek Astana 2020 XV Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылық көрмесінің жұмысы барысында ElDala.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша жиналған өнім жақсы, сапалы болса, оны өткізуде ешқандай қиындық туындамайды. Басты мәселе өндірісті дамыту үшін қаражат жеткіліксіз болып отыр.
«Кез келген уақытта несие алуға болады, бірақ оны қалай қайтаруын да ойлауымыз керек. Оны қайтіп береміз? Алға қойған үлкен жоспарларымыз бар. Мемлекет тарапынан қолдау бар, соның есебінен шаруашылықтың кейбір тұстарын дамытудамыз. Ал егер мұндай демеу болмаса, бұдан да қиын болар еді»,― деді Андрей Кузьмичев.
Ортақ мәселелерді шешу үшін шаруа қожалықтарын кооперативтерге біріктіру мәселесіне келетін болсақ, оны фермерлердің өздері шешер. Бұл жағдай шағын шаруа қожалықтары үшін маңызды шығар, бірақ ірі ауыл шаруашылық өндірушілеріне қажет емес.
«Кейбір жерлерде шаруа кооперативтері құрылуда. Бірақ бұны негізінен өте ұсақ өндірушілер жасайды: біреуде 2 сиыр, келесі адамда 2 сиыр. Олар бірігіп сүт өндіру үшін қосылуы мүмкін. Содан кейін сүтті біраз уақыт сақтауға болатын салқындатқыштар, құрал-жабдықтар сатып алады. Ал, егер менің мың гектар жерім болса, көршімнің де мың гектар жері болып, біз бірігетін болсақ, онда бұдан келер пайда жоқ»,-дейді шаруашылық директоры.
Анықтама: «Кузьмичев» ШҚ ет және сүт өндірумен айналысады, сонымен қатар астық және бал өндіреді. Шаруашылықтың меншігінде: 32 бас ірі қара мал, 25 бас қой мен ешкі, 125 ара ұясы бар. 1 мың гектар жерді өңдеп, майлы және дәнді дақылдар өсіреді. Шаруашылықта орташа мөлшерде ет өнімдерін өндіру жүзеге асырылады.