Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Президент АӨК пен қайта өңдеу кәсіпорын өнімдерін форвардтық сатып алуды жарты жыл бұрын қамтамасыз етуді тапсырды
Қазақстанда дағдарысқа қарсы іс-шаралар аясында АӨК пен қайта өңдеу кәсіпорын өнімдерін форвардтық сатып алуды жарты жыл бұрын қамтамасыз ететін болады. Бұл тапсырманы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Тоқаевтың айтуы бойынша дағдарыс жағдайында жергілікті шағын және орта бизнестің әлеуетін пайдалану керек.
«Әкімдіктер мен Үкімет Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы арқылы міндетті түрде Қазақстанда дағдарысқа қарсы іс-шаралар аясында АӨК пен қайта өңдеу кәсіпорын өнімдерін «форвардтық сатып алуды» немесе егін жинау науқанында 6 ай бұрын қамтамасыз ететін механизмді қалыптастыруы тиіс»,деді ҚР Президенті.
Сонымен қатар, кәсіпорындардың егіс алқабынан д.кен сөресіне дейін өнімді жеткізу жүйесін және оларға жеңілдіпен несие беруді қамтамасыз ету керек, деді мемлекет басшысы.
Ал бизнес саласы өндіріс мөлшерін сақтау, бағаны ұстап тұру жұмыспен қамтуды қолдау және т.б. шараларды өз міндеттеріне алуы тиіс.