Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Экспортқа арналған ауыл шаруашылығы өнімдері бар 40 вагон Қазақстаннан шығарылмай қалды
Қазақстан Республикасынан кейбір тауарларды сыртқа шығаруға болмайтын 2020 жылдың 22 наурызындағы тыйым бойынша, 31 наурызда «Қазақстан темір жолы» бекеттерінде экспортқа шығарылуы тиіс ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген 43 вагон тұр, деп жазды «АПК-Информ» АӨК.
Сондай-ақ 22 -күнбағыс тұқымы, 5-күнбағыс майы, 16-ұн салынған вагон тұр.
Анықтап айтар болсақ, бұл вагондардың 24 Өзбекстанға (10 күнбағыс тұқымы, 14 ұн); 17 вагон Қытайға (5 күнбағыс майы, 12 күнбағыс тұқымы) және 2 вагон ( ұн)-Тәжікстанға кетуі керек еді.
Тақырыпты оқу: Қиын қыстау кездегі ақпарат тәрізді: Қазақстан аграршылары дағдарыс жағдайына дайындалуда
Сонымен қатар, ҚР вице премьер-министрі Роман Склярдың 26 наурызда берген тапсырмасы бойынша берген тыйым күшіне енгенге дейін вагондар ресімделіп, жөнелтілуге дайындалған еді. Атап айтсақ, 576 вагон (304 ұн, 174 күнбағыс тұқымы, 51 күнбағыс майы, 5 қарақұмық жармасы, 39 картоп және 3 пияз). Жіберілетін елдер: Өзбекстанға ― 327 вагон, ҚХР ― 131, Түркіменстан ― 57, Тәжікстан ― 27, Қырғызстан ― 18, Иран ― 9, Ресей ― 5-Украина ― 2 вагон.
Сондай ақ 100 авто көлік құралы 29 наурыздан бері Қазақстан-Ресей шекарасында тұр, себебі бұл көліктер тыйым салынғанға дейін жіберілген еді.
Айта кетсек, үкімет аса қажет азық –түлік түрлерін, соның ішінде ұнғ күнбағыс майы, қарақұмық, қант, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, шалқан, қызылшаны сыртқа шығаруға 22 наурызда тыйым салған. Барлық жағдайды ескере отырып, 30 наурызда үкіметтің шешімімен ұнды шығаруға қойылған тыйым өзгертіліп, астық пен ұнға квота берілетін болды. Бидайды экспорттаудың орнына квота беріледі және белгіленген мөлшердегі бағаға отандық өндірушілер 3 және 4 сұрыпты бидайды сататын болады.