Көкөніс экспортына берілетін квота елді азық-түлікпен қамтамасыз етуге көмектеседі -Бисетаев
Қазақстан көкөніс және картоп одағының төрағасы Қайрат Бисетаевтың айтуы бойынша, көкөніске берілетін квота елдегі екі мәселені шешуге көмектеседі. Атап айтқанда, елді азық-түлікпен қамтамасыз ету және отандық өндірушілердің ішкі нарықтағы орнын анықтауға әсер етеді.
Бұл ақпаратты Қайрат Бисетаев ElDala.сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.
Сонымен қатар, белгілі мөлшерде ғана кейбір азық-түлік өнімдерін экспорттауға болады. Олар: сәбіз, қырыққабат, ұн және бидай. Берілетін квоталар ішкі нарықтағы сатылым үшін бағасы ай сайын белгіленетін болады.
Өтінім қабылдау және квоталарды бөлу саланың қауымдастықтарына жүктелген. Атап айтсақ, Қазақстан астық одағы, Қазақстан астық өңдеушілер одағы, Қазақстан көкөніс және картоп одағы.
Тақырыпты оқу: Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылдың сәуіріне бидай мен ұн экспортына квота бөлді
«Біздің одақ үш позиция - сәбіз, қырыққабат, ұн және бидай тұқымын экспортқа шығару бойынша өтініштер қабылдайды. Біз үшін ең маңыздысы-бұл картоп тұқымы, аталған жұмыспен біз соңғы үш жылдан бері айналысып келеміз.Өзбекстан нарығына шығарсақ деген жоспарымыз бар.Сәбіз туралы айтар болсақ, Қазақстанда жылына шамамен 40 мың тоннадай сәбіз тұтынылады, тағы 30-40 мың тонна Ресейдің аймақтарына (Орал, Сібір жеріне) экспортталады. Аталған өнімдерді сыртқа шығаруды сақтап қалуымыз керек. Қырыққабат экспорты бізде өте аз мөлшерде, 5-8 мың тоннаны РФ-ға жібереміз», деді Қайрат Бисетаев.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үкіметтің қабылдаған шешіміне қатысты өз пікірлерін айтқан болатын. Қабылданған шаралар еліміздің ішкі нарығы үшін қауіпті болып тұр.
Тақырыпты оқу: Қиын қыстау кездегі ақпарат тәрізді: Қазақстан аграршылары дағдарыс жағдайына дайындалуда
Аталған тыйымдар ЕАЭО-ға мүше елдер экспортына қатысты да қолданылады, бұл жағдай нормативтік –құқықтық актілерге де қайшы келеді.
Өтінім қабылдау және квоталарды бөлу осы саланың қауымдастықтарына жүктелген. Атап айтсақ,Қазақстан астық одағы , Қазақстан астық өңдеу одағы, Қазақстан көкөніс және картоп одағы.
Еске сала кетейік,, Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы бойынша, 2 сәуір мен 1 қыркүйек аралығында азық түліктің жеті түрін елден шығаруға тыйым салынған. Олар: қарақұмық, қант, картоп, пияз, күнбағыс тұқымы, күнбағыс майы және қарақұмық жармасы.