Қазақстанда шілде айында еттің бағасы өсті

Шілде айында Қазақстандағы инфляция 0,7% құрады. Бір айда азық-түлік тауарларының бағасы 0,7% қымбаттады, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 0,5%, ақылы қызметтердің бағасы 0,8% көтерілді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Бағаның өсуі бойынша көш бастап тұрған өнімдер: ақ түсті қырыққабат 12,6%, қызылша - 9,1%, пияз - 8,2% қымбаттады.

Күнбағыс майының бағасы 4,2%, қарақұмық жармасы - 2,6%, шай - 2%, жұмыртқа - 1,3%, қант-құмшекер - 1%, ұн - 0,9% өсті.

Өткен айда құс еті - 3%, жылқы еті - 2,5%, қой еті - 2,4%, сиыр еті - 2,2%, шошқа еті - 2% қымбаттады.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстан 4 айдың ішінде  $9,4 млн сиыр етін  экспорттады

Нарықта бағасы төмендеген өнімдер, картоп - 20%, қызанақ - 14,8%, қияр- 11,9%, сарымсақ - 6,8%, банан - 2,5%, сәбіз - 2,2% болды.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.