Ет бағасының өсуіне байланысты ҚР-да азық-түлік инфляциясы жеделдеді

Қазақстанда ет бағасының өсуіне байланысты азық-түлік инфляциясының жеделдеуі байқалады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.

Ұлттық банктің мәліметінше, инфляция 2021 жылғы шілдеде 0,7% құрады, бұл 2009 жылдан бергі ең жоғары айлық баға өсімі болып табылады. Бұл ретте инфляцияның жылдық деңгейі 8,4% - ға дейін жедел түрде өсті, ал азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсу қарқыны маусым кезінде 10,6% - дан 11,0% - ға дейін жеделдеді.

«Азық-түлік құнының жылдам өсуіне ет өнімдерінің барлық түрлеріне деген бағаның көтерілуі себеп болды. Бұдан басқа, өсімдік майы мен қант бағасын ішкі өндірушілер де қымбаттатуда», - деп айтылды ведомство хабарламасында.

Тақырыпқа байланысты оқуҚазақстан 4 ай ішінде сиыр етін $9,4 млн қаражатқа экспорттады

Сондай-ақ шілде айында жаңа піскен көкөністердің кейбір түрлеріне баға өдан әрі өсуде.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, шілде айында қырыққабат - 12,6%, қызылша - 9,1%, пияз - 8,2%, күнбағыс майы - 4,2%, қарақұмық - 2,6% қымбаттады.

Құс еті бір айда 3%, жылқы еті - 2,5%, қой еті - 2,4%, сиыр еті - 2,2%, шошқа еті - 2% қымбаттады.

Бұдан басқа, жұмыртқа бағасы 1,3% -ға, қант-құмшекері 1% -ға өсті.

Сонымен қатар, картоп бағасы- 20%, қызанақ - 14,8%, қияр - 11,9%, сәбіз - 2,2% төмендеуі байқалды.

Сондай-ақ, статистикалық мәліметтерге сәйкес, ҚР-да ет өндірісі 2021 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында 193 169 тоннаны (2020 жылдың осындай кезеңінде - 172 581) құрады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.