ҚР импорттаушылары ҚХР шекарасының жабылуына байланысты 170 млрд теңгені жоғалтты.

Өткен жылы қазақстандық экспорттаушылар, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер Қытайға тауар жөнелту кезінде қиындықтарға тап болды. Жүк тиелген пойыздар жарты жылға жуық уақыт бойы шекарада кезек күтіп тұрды. Биыл ҚХР  тағы да біздің елге шектеу қойды, бұл жолы қазақстандық импорттаушылар көрші елден тауарларын ала алмайды. Себебі ол елде – эпиджағдай күрделі.

«Қытай тарапы Қорғас-Алтынкөл және Алашанькоу-Достық өткелдері арқылы Қазақстанға темір жол рейстерін тоқтатты. Нәтижесінде Қытаймен шекарада шамамен 5 мың тауар контейнерлері тоқтап тұр. Егер бұрын жеткізу мерзімі шамамен 25 күнді құраса, қазір бұл мерзім белгісіз уақытқа дейін созылуда. ҚХР-дың құрылық арқылы ҚР-ға дейін бір контейнерді тасымалдау құны бір жылдың ішінде 4-5 есеге көтерілсе, ал автотасымалдау 5-6 есеге қымбаттады. Алдын ала жасалған мәліметтер бойынша, қазіргі таңда қазақстандық бизнес 170 млрд теңгеге жуық шығынға ұшырады», - деді мәжіліс депутаты Дания Еспаева.

Қазақстан май одағының мәліметінше, карантиндік шектеулерге байланысты қытай елінің Циндао портынан транзиті толығымен тоқтатылған. Бүгінгі таңда портта 2021 жылдың сәуірінде Қазақстанға транзитке келген тамақ шикізаты тиелегн контейнерлер тоқтап тұр. Басқа экспедиторлық компанияларда да жағдай осындай болуда.

Тақырыпқа байланысты оқу: «Астық Транс» Қытайға астық тасымалдай бастайды

Депутаттың айтуынша, қалыптасқан жағдай отандық өндірушілер үшін шикізат тапшылығына да, елеулі ақша қаражатын айналымнан шығаруға да қатты әсер етеді. Өндірушілер Қытайда тұрып қалған шикізаттың орнына шикізат сатып алу үшін қосымша несие алуға мәжбүр.

Қытай мемлекеті транзитті тасымалдауды Қазақстан үшін ғана шектеп отыр. Бұл ретте ҚХР жүктерді Еуропаға Қазақстан арқылы транзитпен жөнелтіп қана қоймай, олардың ағынын арттырды.

«Импорттаушылар жүктерді ҚР аумағын айналып өтуге, яғни теңізбен Еуропа порттарына дейін ҚХР-дан тасымалдауда, одан әрі Ресей Федерациясы мен Еуропа аумағы бойынша автокөліктерде немесе ТЖ арқылы жеткізуге тапсырыс беруге мәжбүр болады. Болмаса Иран аумағы арқылы, Каспий немесе Орта Азия арқылы бағыттармен Қазақстанға жеткізу керек», - деді Дания Еспаева.

Тақырыпқа байланысты оқу: ҚР-дағы өндірушілер 5 айдың ішінде былғары экспорты арқылы $2 млн қаражат тапты

Индустрия министрлігі, СІМ және Сауда министрлігінде қызметкерлердің тұтастай штаты жұмыс істейді, сонымен қатар сыртқы сауданы дамытуға бюджеттік қаражат бөлінеді. Алайда аталған ведомстволар Қазақстанның транзиттік дәліздегі рөлін ескере отырып, қытай тарапымен әлі күнге дейін келісе алмады. Импорттаушылардың мойнына түсетін шығындар ҚР-дағы тауарлардың құнына екі еселенген баға ретінде қосылатын болады.

 

 

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.