Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанда 2020 жылдың 3 айында 416 мың тонна мал мен құс еті өткізілді
21 апреля 2020
2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстандағы шаруашылықтарда 416 мың тонна мал және құс еті сойылып, өткізілді (тірідей салмағы), бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 3,8% артық көрсеткіш. Бұл ақпаратты ҚР Статистика комитеті мәлімдеді.
Айта кетер болсақ, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан басқа жерлерде мал және құс етін сойып, өткізу артқан.
Мал және құс етін сойып, өткізу мына облыстарда көп:
- Ақмола облысы — 36 мың т (+7,9%);
- Ақтөбе облысы — 33,8 мың т (-0,14%)
- Алматы облысы — 80,2 мың т (+4,7%);
- Түркістан облысы — 54,2 мың т (+2,3%);
- Шығыс-Қазақстан облысы — 47,9 мың т (+0,95 мың т).