Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстан аграршыларды дағдарыс кезінде қалай қолдады?
Қазақстан Үкіметі ұлттық валюта бағамының құлдырауы және шекараның карантинге жабылуы кезінде аграршылардың мемлекетке айтқан талаптарының тек жартысын ғана қанағаттандырды.
Жартының жартысы
Фермерлер наурыз айының соңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-министр Асқар Мамин және Сенат спикері Дариға Назарбаеваның атына жазған ұжымдақ хатта аталған салаға қажетті қолдау көрсетілуін сұраған еді. Өтінімді осы саланың қауымдастықтары бірлесе жазды. Атап айтсақ,Қазақстан астық одағы, Ет одағы, Фермерлер одағы, Құс өсірушілер одағы, Қазақстан көкөніс және картоп одағы және т.б.
Өтінімнің бірінші тармағы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін керекті қаражатпен қамтамасыз ету болды. Олардың жалпы құны хат авторының бағалауы бойынша 500 млрд теңгеден кем емес.
Бұл ретте хатта келтірілген деректерге сәйкес, қазіргі уақытта еліміздің шаруаларының 80% - ы тек өз қаражатына ғана сүйеніп жұмыс істейді. Әрине, әр ақшаны үнемдей отырып жұмсау көптеген қажетті агротехникалық іс-шаралардан (себу алдындағы өңдеу жұмыстары т. б.) бас тартуға әкеліп тірейді, сонымен бірге сапалы тұқым сатып алуға кедергі болып, минералды тыңайтқыштарды себуде қаражатты үнемдеуге мәжбүрлейді.
Мемлекет Аграрлық несие корпорациясы (КазАгро холдингтің еншілес компаниясы) 70 млрд теңге бөліп, 13% алқапты қаржыландырады (22,5 млн гектардың 3 млн гектары).
Қалған 7% - ға форвардтық сатып алуды және екінші деңгейдегі банктер арқылы несие алу және басқа да қаржыландыру жолдары арқылы жасалады.
Күрделі жағдайды ескере отырып, сондай-ақ егіс науқанын неғұрлым сапалы өткізу қажеттілігін назарға ала отырып, салалық одақтар билікке мемлекеттік қаржыландыруды 70-тен 250 млрд теңгеге дейін (яғни 180 млрд теңгеге) ұлғайтуды сұрады.
Үкімет сұралған қаражаттың тек 100 млрд теңгесін беретін болды ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша, көктемгі егіс жұмыстарына «ҚазАгро» холдингі арқылы 70 млрд теңге бөлінді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жоспарланған сомаға қосымша 100 млрд теңге бөлу қарастырылды. Аталған субсидияны шаруалар 2020 жылдың соңына дейін, жылдық мөлшерлемесі 6% -бен қайтарулары тиіс. Ал «ҚазАгро» қаржысы 5% -бен біріледі.
Тақырыпты оқу: Қазақстандық шаруалар егіс алқаптарын 30%-ға дейін арттыруға дайын
Күмәнді келешек
Қаражаттың берілу мерзімі туралы айтар болсақ. Аталған сала одақтарының тағы бір ұсынысы - мамыр айында (желтоқсанда емес) елдің шаруаларына биылғы жылы тиесілі барлық субсидияларды беру. Бұл-150 млрд теңге. Мемлекетте қазіргі уақытта әкімшілік тұрғыдағы жұмыстардың қиындығына байланысты бұл талапты орындай алмайды. Судсидиялар нақты бағдарламаларды орындауға - тұқым сатып алуға, тыңайтқыштарды енгізуге, гербицидтерді пайдалануға байланысты беріледі. Ақшаны төлеу алдын-ала аванстық тәсілмен берілмейді, жоспарларды іске асырған соң ғана, есеп берілгеннен кейін ғана төлем жүргізіледі.
Сонымен қатар, салалық одақтардың тағы бір маңызды өтініші - импортталатын қосалқы бөлшектерді алуда, ауыл шаруашылығы техникаларын және биологиялық заттарды сатып алуда ҚҚС төлеулден, кедендік баждардан және кәдеге жарату алымынан босату мәселесі қалып отыр. Бұл сұраныстың келешекте орындалуы да күмәнді, себебі көрсетілетін көмектер ішкі нарықты қорғау және өз өндірісін дамыту үшін қабылданды. Ал қазіргі жағдайда бұл міндет тек өзекті болып қала бермек.
Тақырыпты оқу: Қазақстандағы егін егу жұмыстарының хроникасы (жаңартылады)
Дизель отынға берілетін жеңілдік
Жіберілген өтінімдегі екінші негізгі шарт дизель отынды жеңілдікпен беру мәселесі еді.
Жоспар бойынша наурыз айында 30 мың тонна жанар-жағар май жеткізілуі керек еді (барлық бөлінген көлемнің 44%). Мұнай өндіруші зауыттар 1 сәуірде операторларға литрі 161 теңге тұратын 23 мың тонна жанар жағар май жіберген.
Берілетін дизель отынның бағасы ақпан айында тоннасы 177 мың теңгені құраған, (немесе МӨЗ-ден жөнелту кезінде операторлар үшін тоннасына 195 мың теңге) белгіленді. Барлық егіс көлеміне-386,6 мың т, әр облыс үшін 10 мың т. қосымша. Барлығы, 396,6 мың т.
Хат авторлары берілетін көлеммен келісті, бірақ жеңілдікпен солярка бағасын 50% - ға, тоннасына 100 мың теңгеге дейін төмендетуді сұрады. Мұнайға бағаның төмендеуін ескере отырып, бұл ұсыныс қисынды көрінді.
Қазақстан Президенті жеңілдікпен беру үшін дизель отынның бағасын 390 мың тонна дизель отынының құнын төмендетуді тапсырды. Бірақ соңғы сатып алушы үшін литрі- 165 теңге болып, 50% — ға емес, тек 15% - ға ғана арзандады.
Айта кетсек:
Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде несие төлеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім енгізілгенін ҚазАгро квазимемлекеттік компаниясы хабарлады.
Осылайша, егер аграршы 16 наурызға дейін холдингтің (Аграрлық несие корпорациясы, Қазагроқаржы немесе ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры) еншілес компанияларынан қарыз алса, ТЖ режимі жұмыс барысына әсер еткен жағдайда, 15 маусымға дейін 90 күн мерзімге кейінге қалдырып төлеуге өтініш беруіне болады. Мерзімін ұзарту кезеңінде тұрақсыздыққа байланысты айыптар есептелмейді.
Тақырыпты оқу: Коронавирустың әсері :АӨК үшін оның зардаптары (жаңарып тұрады)
Сергей Буянов