Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
ҚР-да фермерлер үшін банктік несиелерді мемлекеттік кепілдендіру тәсілдері іске қосылды
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры агроөнеркәсіп саласында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін Еңбек бағдарламасы аясында берілетін қаражатты кепілдендіру тетігін іске қосты. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
«Агроөнеркәсіптік кешендегі қаржыландыру құралдарын дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру барысында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында несие беретін болады. Қолда бар тәжірибе негізінде, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру мақсатында аталған Қор кепілдендіру құралын дамытумен айналысады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
АШҚҚҚ агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер арқылы қарыз берудегі кепілдіктің жаңа тетіктерін дайындады және енгізді. Аталған тәсілді АӨК саласындағы ЖШС, шаруа және фермер қожалықтары пайдалана алады. Бағдарлама бойынша 10 жыл мерзімге жылдық 17% мөлшерлемемен 3 млрд теңгеге дейін беріледі. Жобаны пайдалануға бергенге шейін несие сомасынан 50% - ға дейін, негізгі бағыттар бойынша 85% - ға дейін кепілдік беріледі (енгізілгеннен кейін тиісінше 50% - ға дейін төмендейді).
Басым бағыттарға: сүт өнімдері, ет, құс шаруашылығы, қарқынды бау-бақша шаруашылығы, жылыжайлар, қант қызылшасын өсіру және қызылша қантын өндіру, жарма өндірісі, көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу, өсімдік майы мен май өнімдерін өндіру болып табылады.
Кепілдік бойынша жылдық комиссия 30% мөлшерінде белгіленді, оның ішінде 29,9% - ын ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар төлейді, 0,1% - ын ауыл шаруашылығы өндірушісі төлейді.
Сондай-ақ, 2020 жылы Түркістан облысы бойынша кепілдендіру мақсатында 650 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл 2 173 913 мың теңге сомасына кепілдік беруге мүмкіндік береді, бұл 2020 жылы алуға тиіс орташа кепілдік мөлшеріндегі несие сомасының 50% кепілдікпен 4 347 826 мың теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ қарыздарын беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кепілдікке қоятын мүлкі аз қарыз алушылар үшін несиеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жалғыз құрал болып табылады.
Бүгінгі күні ұсынылған тетікті бекітетін нормативтік-құқықтық актінің жобасы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген және Әділет министрлігінде тіркелу үстінде.
Кеңес алу үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Түркістан филиалының кепілдендіру және сақтандыру бөлімінің бастығы Азат Мұйтембаевқа 8 7252 39 49 50 телефоны бойынша хабарласуға болады, ұялы телефон: 8 702 710 00 44. Мекен-жайы: Шымкент, Д.Қонаев даңғылы, 3/3 ғимарат, 2 қабат.