Ақтөбе облысында 10,6 мың га суармалы жер пайдаланылатын болады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Ақтөбе облысына сапары барысында ірі шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, фермерлердің көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, өңірде республикалық бюджет есебінен қосымша 10,6 мың га суармалы жер айналымға енгізіледі, нәтижесінде олардың көлемі 40,8 мың га дейін жеткізіледі, оларды пайдалану 100% - ды құрайды. Қазіргі уақытта өңірде егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сапархан Омаров жұмыс сапарын қорытындылай келе, өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Өңірдеөсірілетін жоңышқа өңдеу бүгінгі таңда ең күрделі және сұранысқа ие жобалардың бірі болып табылады. Аталған аймақта сонымен бірге сүт фермасын салу жоспарлануда. Азық базасын дамыту жоғары деңгейде жүргізілуде. Барлық айтылған ұсыныстарды ескереміз, қолдау табады»- деді министр.

Сапар барысында ол Мәртөк ауданындағы «Рад Агро» шаруа қожалығына барды. Қазіргі уақытта шаруашылықта 500-ден астам ірі қара мал бар. Ағымдағы жылы шаруашылық 1100 га мақсары, 200 га арпа, 500 га жүгері, 300 га жоңышқа отырғызды. Шаруашылық Канададан  Valley маркалы 6 суару машинасын сатып алды. Жаңа технология бойынша 860 га жер суарылады.

Сондай-ақ, министрді тәулігіне 50 тонна сүт өңдейтін «Айс» ЖШС сүт-тауар фермасының жұмысымен таныстырды. Сүт фермасының барлық процестері автоматтандырылған, саууды бақылауды Израильдің «Афимилк» бағдарламасы жүзеге асырады. Компания қуаттылықты арттыруды, сондай-ақ тәулігіне 4 тонна қатты ірімшік өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Сапархан Омаров Мұғалжар және Көшім асыл тұқымды жылқыларының Ақтөбе популяциясын өсіру жасалып жатқан «Мұғалжар жылқысы» атты ЖШС-да болды. Шаруашылықта 412 жылқы, 7 айғыр және 264 бас төл бар. Жылына 45-50 бас асыл тұқымды мал сатылады.

Қазақстанда барлығы 3 млн-нан астам Мұғалжар тұқымы бар. Ет және сүт бағытындағы республикалық жылқы тұқымдары палатасының директоры Еркегүл Тлеген Мұғалжар тұқымының жылқы санын көбейту бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.