Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Немістің CLAAS компаниясы Қазақстанда өндіріс ашады
Әлемдік ауыл шаруашылығы техникасының ірі өндірушілерінің бірі CLAAS компаниясы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа зауыт Солтүстік Қазақстан облысында салынатын болады. Мұнда алғашқы кезде TUCANO комбайны жасалатын болады деп хабарлады баспасөз қызметі.
Аталған жоба Қазақстандағы CLAAS компаниясының ресми өкілі-СТ AGRO кәсіпорнынмен бірлесіп іске асырылады. Облыс экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,4 млрд. теңгені құрайды, неміс компаниясы қаржыландыратын болады. Бастапқы кезде 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Пандемия жағдайында келісім шарт бейне байланыс арқылы жасалды. Министрлік атынан құжатқа вице-министр Аманияз Ержанов, германиялық тараптан CLAAS компаниясының Шығыс Еуропа және ТМД елдері бойынша өңірлік директоры Нильс Ройч қол қойды.
«Біз CLAAS компаниясының атынан Қазақстан Үкіметіне, Германияда орналасқан елшілікке ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы екіжақты жобаны жүзеге асыруға дипломатиялық қолдау көрсеткені үшін өз ризашылығымызды білдіреміз. Біз Қазақстан Республикасында үлкен мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз, сондықтан ұзақ мерзімді, жемісті және өзара тиімді ынтымақтастық құруды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Нильс Ройч.
KAZAKH INVEST ақпараты бойынша, келісім аясында компания кезең-кезеңімен жұмысты іске асырып, өндірісті одан әрі дамыту үшін кадрларды даярлаумен айналысатын болады.
Компанияның қуаттылығы туралы айтар болсақ, кәсіпорын жылына 200 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын (комбайндар, тракторлар және егіс кешендері) шығарады, бұл ҚР-дағы машина-трактор паркін жаңартуға мүмкіндік береді.
CLAAS-тың Қазақстан аумағында PÖTTINGER, LOVOL, BUHLER, Ростсельмаш, Петербург трактор зауыты, МТЗ, Гомсельмаш және басқа да өндірісті жүзеге асыратын әлемдік аты бар ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің тізіміне енуі елдің импортты алмастыру жөніндегі бағдарламасына сәйкес келеді.
CLAAS-әлемдік ауыл шаруашылық техникасының флагманы және еуропалық ауыл шаруашылық техникасының ең ірі өндірушісі болып табылады. Танымал неміс компаниясының Қазақстан нарығына енуі жоғары техниканы қажет еткен барлық отандық аграршылар үшін маңызды оқиға болып табылады, деп қорытындылады баспасөз қызметі.