Германияның 2 0 өндірушісі KazAgrо/KazFarm-2021 қатысады

Германияның Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылы дәстүрлі түрде неміс компанияларының KazAgro/KazFarm-2021 көрмелеріне ұжымдық қатысуын қолдады.

Биыл Германияның "Made in Germany" павильонына мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы техникасы және өсімдік шаруашылығы саласындағы 20 жетекші өндіруші қатысады, деп хабарлайды көрмені ұйымдастырушы - ExpoGroup халықаралық көрме компаниясы.

Еуропалық техниканы өндіру саласындағы инновациялармен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының әлемдік ірі өндірушісі - CLAAS неміс компаниясы зауытының ашылуы туралы жаңалықтармен оларды Қазақстандағы ресми өкілі СТ-Агро компаниясы таныстырады.

Естеріңізге сала кетейік KazAgro/KazFarm-2021 көрмелері 2021 жылғы 20-22 қазанда EXPO астаналық көрме орталығында өтеді. 20-дан астам елден 120-дан астам экспонент-компаниялардың қатысуы жоспарлануда.

Көрме аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты мен экспорты, АӨК-ге инвестициялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологияларының өндірісте қолжетімділігі, өсімдік шаруашылығын дамыту мәселелері тақырыбында семинарлар өтеді. Көрменің мал шаруашылығы бөлімі өндірістегі инновацияларға да арналады.

Көрмелердің ресми ашылуы 2021 жылдың 20 қазанында, сағат 11:00-де өтеді.

Көрме үш күнге созылады: 20-21 қазанда сағат 10.00 – ден 18.00-ге дейін; 22 қазанда сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін.

Толығырақ келесі материалдан оқыңыздар: Бұқалар аукционы және малшылар съезі: KazAgro/ KazFarm не дайындауда.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.