Аргентина фермерлерінің арманы- ақбас сиырларды өсіру

Өткен жылы қазақтың атақты ақбас тұқымының пайда болғанына 70 жыл толды. Алайда, карантиндік шектеулерге байланысты салтанатты іс-шаралар ағымдағы күзге ауыстырылды. Осыған орай ұйымдастырылатын KazFarm/KazAgro көрмесі аясында 20-22 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында (EXPO кешені) Ақмола облысының үлгілі шаруашылықтарында өтеді.

Аталған мерейтойға ақбас сиыр жақсы жетістіктермен жетті. Мал басы жарты миллионға жақындап келеді, ал төлге сұраныс ұсыныстан асып түседі. Бұл ретте қазақстандық асыл тұқымды малды сатып алуға әлеуетті клиенттер Аргентинаны қоса алғанда бүкіл әлем бойынша жеткілікті.

Аталған сиыр тұқымының болашағы жайлы ElDala.kz порталына Қазақ ақбас тұқымының республикалық Палатасы атқарушы директоры Даурен Матакбаев, айтып берді. 

Ағылшын тегі

Қазақ ақбас тұқымы 1950 жылы 20 жылдық күрделі де қиын жұмыстан кейін ресми түрде тіркелген сиыр тұқымы, бұл іске Орынбор облысы мен Батыс Қазақстан селекциялық орталықтары қатысты. Тұқымды алуға негізінен КСРО-ға Англия мен Уругвайдан әкелінген герефорд тұқымының 850 бұқасы қатысты. 20 жыл бойы Қазақстанның жабайы малымен будандастыру жүрді, соның арқасында өте жақсы ет бағытындағы қатал климаттық жағдайларға төзімді және азық таңдамайтын тұқым пайда болды.

- Кез келген тұқымның тарихы - бірінші кезекте оны жасаған адамдардың тарихы болып есептеледі, - деді Дәурен Матақбаев (суретте). - Егер мал өсірушілер өз жұмыстарын жақсы көретін болса, онда тұқым да, бүкіл сала да дамитын болады. Жалпы Кеңес Одағы ыдырағанға дейін тұқымды еттен сүтке қарай ауыстыруға бірнеше талпыныс болғаны белгілі. Бірақ, ақыр соңында, ол бәрібір ет бағытындағы тұқым болып шықты. 1991 жылдың соңына қарай Қазақстан аумағында осы тұқымның 1,5 млн-нан астам басы болды. Бұл сиырлар алғаш Қазақстанның батысы мен шығысында таралды. Содан бері бұл өңірде асыл тұқымды зауыттар өте көп. Олардың кейбіреулері атауларын өзгертті, ал кейбіреулері керісінше, өздерінің тарихи атауларына қайта оралады.

Тақырыпқа байланысты оқу: Ақбас сиырлар азық талғамайды

Іс жүзінде қазақтың ақбас тұқымы бүкіл Кеңес Одағының аумағында таралды. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, сондай-ақ Моңғолия және басқа да елдерде өсірілді.

Өкінішке қарай, Қазақстанда ақбас ауыр кезеңдерді бастан өткеруге тура келді. Егер 1991 жылы мал басы 1,5 млн болса, 2010 жылға қарай ол 75 мыңға дейін қысқарды. Еліміздің мал шаруашылығын жаңғырту бойынша 10 жыл белсенді жұмыстан кейін 2021 жылға қарай мал басы 470 мыңнан астам болды.

- Біз жарты миллион сиырға жетуіміз керек, алда әлі де үлкен жұмыс бар, - деп атап өтті Дәурен Матқбаев. - Қазақ ақбас тұқымының республикалық палатасы бүгінде 525-тен астам шаруашылықты біріктіріп отыр. 2019 жылы мені Герефорд палатасынан шақырған кезде мұнда 270 мүше болды. Мал басының өсуіне әкімшілік басқару да, маркетингтік жұмыстар да әсер етеді.

Егер асыл тұқымды ақбасты өсірумен айналысатын шаруашылықтар туралы айтатын болсақ, бүгінде Қазақстанның барлық түкпірінде олардың саны 15 мыңнан асады. Бұл еліміздегі ең көп тұқым өсіретіндер, ал қазақ ақбас палатасына қатысушылардың саны басқа тұқымдық қауымдастықтардың санынан асып түседі.

- Біздің халқымыздың ақбас тұқыммен байланысты белгілі бір патриоттық сезімдері бар, - деп есептейді Дәурен Матақбаев. - Бұл кеңестік заманның өзінде «қазақ» деген атауға ие болған жалғыз тұқым. Бұл баршамызға, замандастарымызға белгілі бір жауапкершілік жүктейді. Иә, біз оны жоғалтып алдық, бірақ кейін қайта жандандырып көбейтіе бастадық. Бұл жерде ауыл шаруашылығы министрі қызметінде реформа жүргізіп, республикалық тұқым палатасын құрған Асылжан Мамытбековке алғыс айту керек. Бұл фермерлерді шоғырландыруға мүмкіндік берді. Қазір бізді Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан әріптестері қызыға қарауда, барлығы жоспарлы экономика түрінде жақсы және дұрыс жұмыс істеуде, бірақ нарық бәрін анықтайды.

Оның үстіне әлемдік тәжірибе көрсеткендей, асыл тұқымды мал шаруашылығы негізінен ірі холдингтерде емес 250 басқа дейінгі мал ұсталатын шағын шаруашылықтарда жақсы өседі. Айта кетерлік жағдай, Қазақстанда ақбас сиырдың ерекшелігі - елімізде бір шаруашылыққа 3 мыңнан астам бас сиырды біріктіретін зауыттар жоқ.

 

Ақбас сиырдың артықшылығы

Ақбастың ерекшеліктері биылғы жылы да көрінді, бірқатар өңірлерде құрғақшылық пен жем тапшылығы жағдайында тағы да айқын білінді. Қиын жағдайға бейімделген мал тіпті аз жайылымдарда да қосымша азық-түліксіз салмақ жинауды жалғастырды.

- Мен айтып өткендей, қазақтың ақбас тұқымының негізінде герефорд генетикасы жатыр, - деп еске салды Дәурен Матақбаев. - Бұл 280 жастан асқан британдық тұқым.Бұлар ангус тұқымынан 30 жасқа үлкен. Сондықтан мал шаруашылығымен айналыспайтын адамдар үшін герефорд пен акбас бірдей болып көрінуі мүмкін. Шынында да, көзбен шолып қарағанда ұқсастықтар көп - қызыл түс, ақ бас, ақ төс, мұрын, құйрықтарының ұшы, қызғылт мұрын. Герефордтағы сияқты қазақтың ақбас сиырында да мүйізді және мүйізі жоқ түрі болады.

Тақырыпқа байланысты оқу: Малды экспортқа пәре алып жіберген

Бірақ бәрібір бұл сиырлардың айырмашылықтары бар. Атап айтқанда, герефорд ақбас  тұқымға қарағанда жылдам семіреді, белгілі бір жасқа дейін салмақты жақсы жинайды. Бірақ Қазақстанның жағдайына бейімделген ақбас сиырдың да өз артықшылығы бар. Бұл төзімділік, азыққа тез бейімделу. Тіпті азық аз болса да, шөп пен сабанда да, қосымша рационсыз қазақтың ақбас тұқымы семіре береді. Оған биылғы маусым дәлел бола алады.

- Кәсіби мамандар үшін мұның бәрі алдын ала белгілі болды, - деп атап өтті Дәурен Матақбаев. - Спортшының немесе әскерилердің ағзасы адамдармен салыстырсақ, жүктемені жақсы атқаратындығын түсіну үшін біреуді экстремалды жағдайларға апарудың қажеті жоқ. Қазақтың ақбас тұқымының аман қалуы, бейімделу, төзімділік жағынан белгілі бір артықшылықтары болғандықтан, біздің фермерлеріміз күрделі рационды жасау, сүрлем мен шабындықты дайындау сияқты заттармен айналыспайды. Сабан, шөп, минерал немесе тұз жеткілікті. Осындай жағдайда ақбасты ұстау экономикалық тұрғыдан тиімді. Себебі, оларда ұстау үшін  шығын аз кетеді.

Қазір республикамыздың ең ыстық жерлерін, ең құрғақ жерлерін аралап шығуға болады және ондағы қазақ ақбас тұқымы тіпті күндіз, ең ыстық кезінде де  жайылымдарда жайылатын болады. Иә, кейбір тұқымдар үшін мұндай жағдай - стресс, бірақ бұл тұқымдар мұндай ауа-райына бейімделген. Ақбастың негізгі артықшылығы осы.

 

Сиыр тұқымы

Республикалық қазақ ақбас палатасы тұқымды одан әрі дамыту және ең бастысы, оның генетикалық әлеуетін сақтап қалу стратегиясын ұстануда. Бұл мәселе оңай емес. Себебі, елімізде жем-шөп өндірісі жүйесін жақсы жолға қойған алдыңғы қатарлы шаруашылықтар пайда болып, енді оларда ұсталатын малдың ет сапасына көңіл бөліп, сол герефордтарды таңдай бастады. Бір жағынан бұл жақсы. Ал екінші жағынан – ақбас тұқымынан айырылу қаупі төніп тұр.

- Бұл шаруашылықтардың инфрақұрылымы малды асыраудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге дайын және олар тиісті салмақ алғысы келеді, - деді Дәурен Матақбаев. - Бірақ мәселе мынада, белгілі бір жақсы жағдайда ұсталатын төлдер төзімсіз болуы мүмкін. Аталған жануарлар жем-шөп жеткіліксіз болатын уақытта қалай болары белгісіз. Ал палата мүшелерінің 85% -ы бұл тұқымды өсіру кезіндегі төзімді болатын қасиеттерін сақтап қалуымыз керек. Ал егер малды тамаша жағдайда ұстайтын болсақ, төлдер бұл қасиеттерін жоғалтады. Басқа елге көшіп-келген адамдардың балалары жаңа елге қоныс аударған соң, олар жаңа жағдайда өскендіктен бұрынғы мемлекеттегі құрдастарынан өте өзгеше болады.

Тақырыпқа байланысты оқу: ҚР-дағы бұзау өсіруден ТОП өңір

Әрине, уақыт өткен сайын тұқымның түрленуі мүмкін. Бірақ бұл 10-20 жылдан кейін, мал шаруашылықтарының басым бөлігі жем-шөп өндірісінің жаңа деңгейіне шыққаннан кейін ақталады.

Ал мал негізінен барлық қар жоқ кезде (ал оңтүстік өңірлерде жыл бойы) жайылымда жайылады, төзімділік бұл тұқымның ең жақсы қасиеті болып табылады.

 

Жаң қан 

Қазақ Ақбас тұқым палатасына жұмысқа келгенге дейін Дәурен Матақбаев Герефорд палатасында 8 жыл жұмыс істеді, көптеген елдерге барып, өсіру технологиясымен танысты. Осы тәжірибенің арқасында тек қазақстандық мал шаруашылығының ғана емес, АҚШ, Канада, Австралия және тағы басқалардың жұмысындағы тәсілдерді салыстыра алады.

- Өкінішке қарай, біздің ғылымымыз селекциялық жұмыста көрші елдерден артта қалып отыр, - деп атап өтті Дәурен Матақбаев. - Осыны ескере отырып, 2019 жылы мен директорлар кеңесіне заманауи сынақ станцияларын салу жобасын ұсындым. Ол құрылды, қазір біз оның базасында азықтардан аз тұтынатын, бірақ жоғары өнім беретін жануарларды іріктеп аламыз. Мысал келтірейін, бүкіл әлем отынды үнемдеуге бет бұруда. Тіпті 300-ші Land Cruiser 3,5 литр қозғалтқышпен шықты, бірақ оның қуаты артты. Мал шаруашылығында да, мал азығы - барлық шығындардың 70% -ы болғандықтан, біз қазақтың ақбас тұқымынан аз шығынмен ең жоғары нәтиже беретін генетиканы іздейміз.

«Vytelle» компаниясының есебі бойынша, егер мұндай генетикаға барлық мал басы көшірілсе, онда барлық бағыттар бойынша үнемдеу 10-12% болады. Тағы бір үлкен артықшылығы - атмосфераға аммиак газдарының шығарындылары азықтың конверсиясы неғұрлым жоғары болған сайын төмендейді. Бұл қазір өте өзекті мәселе.

Тақырыпқа байланысты оқу: ІҚМ тұқымын өзгертуге қатысатын ТОП өңірлер

Осылайша қазақтың ақбас тұқымының мықты қасиеттерін жақсарту бойынша жұмыс жасалып жатыр. Идеал тұқым әзірге жоқ, сондықтан генетикалық әлеуетті күшейту қажет. Бірінші тәсіл - анағұрлым перспективалы тұқымдарды іріктеу - сынақ станциясында неғұрлым перспективалы жануарларды іріктеу. Екінші, неғұрлым жылдам (бірақ одан да күрделі) болатын тәсіл, ол - герефорд тұқымының қанын құю болып табылады.

- Әрине, бұл жерде өте сақ болу керек, - деп атап өтті Дәурен Матақбаев. - Мен герефорд палатасында жұмыс істеген кезімде ақбас зауытында істейтіндер маған көбінесе герефорд тұқымының бұқаларының тұқымын іріктеп алуға өтініш білдіретін, алайда олар биік,денелі тұқымның ұрығын, қанын сұрайтын. Бұл генетиканы жақсартудың дұрыс және жақсы тәсілі, бірақ оны дұрыс жасау тиіс. Ал егер мұны сауатсыз жасайтын болсақ, онда қазақтың ақбас малынан қалған және ақбастың күшті жақтарына жауап беретін гендерін жоғалтып алуымыз мүмкін.

Әрине, біреулер үшін өз малын герефордқа айналдыру өзіндік мақсат болуы мүмкін. Бірақ ондай жағдайда ол енді ақбас емес, әлдебір қазақ герефорды деп аталады. Мұндай мысалдар да бар. Өкінішке қарай, бұл мәселе әзірге заңнамада нақты жазылмаған және оның шешімін кейінге қалдыруға тура келеді.

Ал әзірге қазақ ақбас тұқымының палатасы барлық шаруашылықтарды төрт негізгі сыныпқа бөлуді енгізуді ұсынып отыр. Палата мамандарының басшылығымен шаруашылықтардың бірінші класы ғана герефорд тұқымының қанын құюға құқылы болады. Мұндай шаруашылықтар қазір 40-қа жуық, олардың тамаша жемшөп базасы бар және сауатты селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс үшін басқа да жағдайлар жасалған.

Қалған шаруашылықтар озық зауыттар алатын генетиканы пайдалана алады.

 

Субсидия әсері

Дәурен Матақбаев қазір асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау деңгейі жеткілікті ме деген мәселені күрделі деп санайды. Барлық шаруашылықтардың міндеттері әртүрлі, қажеттіліктері де әртүрлі, рентабельділік деңгейі әртүрлі.

- Кейбіреулер 100 мың теңге тапқандарына риза, ал кейбіреулер айына 100 миллион теңге тапса, соған риза емес, - деп атап өтті Дәурен Матақбаев. - Өкінішке қарай, тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік қолдау деңгейі тұрақты дамуда шешуші рөл атқармайды. Бізде Ақтөбе немесе Солтүстік Қазақстан сияқты облыстар бар, олар кезінде барлық өңірлерде тиесілі 20 мың теңге субсидиядан басқа асыл тұқымды жұмыс үшін тағы да 100 мың теңгеден алатын. Бірақ шынымды айтсам, мен онда ешқандай артықшылықты байқаған жоқпын. Шаруашылықтардың да, малда да ешқандай түбегейлі өзгерісі болған жоқ. Бұл ақшаның барлығы мақсатқа сай бағытталмады, себебі жұмсау механизмі дұрыс жасалмаған.

Бұл ретте мемлекеттік қолдауды алып тастаудың да қажеті жоқ. Соңғы кездері мал шаруашылығына берілетін мемлекеттік субсидиялар да мардымды емес, өткен жылы асыл тұқымды жұмыстарға 20 мың теңге (2012 жылы белгіленді) 15 мың теңгеге дейін «кесілді». Алайда жыл сайын шығындар да өсіп жатыр, жанар-жағармай бағасының өсуінен бастап басқа да кәдеге жарату жұмыстары да қымбаттауда.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы ет өңдейтін ТОП-7 компания

Сонымен қатар, фермерлер үшін негізгі мәселе осы ең аз деген қолдауды ұсыну шарттары жыл сайын өзгеріп отырады. Бұл ұзақ мерзімді жоспарлар құруға мүмкіндік бермейді. Шын мәнінде ережелер ұзақ мерзімге әзірленіп, министрлердің ауысуына және қандай да бір басымдықтарға қарамастан күшінде қалуы тиіс.

- Президент Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында бұл тармақты жеке атап өтті, мен де барлық фермерлер сияқты оған қол қоюға дайынмын, - деп атап өтті Дәурен Матақбаев.

 

Ақбас тұқымды экспортқа шығару

Дегенмен, биылғы жылдың құрғақшылығынан ақбас шаруашылықтардың артықшылықтарын да табуға болады. Олар табиғаттың өзі осы тұқымның артықшылықтарын көрсетіп, оған деген сұранысты арттырды. Оның үстіне тек ел ішінде ғана емес, тіпті әлемдік етті мал шаруашылығы көшбасшыларының бірі Аргентина сияқты елде де ақбас генетикасын сатып алғысы келетіндер бар.

- Жалпы, бізде Қазақстанда қазақтың ақбас тұқымының тапшылығы бар, - деді Дәурен Матақбаев. - Ел ішіндегі барлық сатып аламыз деп ниет білдірушілерге аналық мал басы жетіспейді. Сондай-ақ бізге Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытайдың Ұйғыр автономиялық округінен генетика сатып алуға сұраныстар келіп жатыр. Аргентинада бірнеше фермерлер, біздің достарымыз да тұқым немесе эмбрион түріндегі генетикасын сатып алуға қызығушылық білдіруде. Иә, бұл әлемдік көшбасшылардың бірі, бірақ олардың пампасы, біздің Оңтүстік Қазақстанды еске салатын жайылымы аз қуаң өңірлері  де бар. Әлемге танымал тұқымдардың малдары онда жайыла алмайды, ал ақбас сиырлар ол жерде біздің елдегідей жайылар еді.

Тақырыпқа байланысты оқу: 2020 жылы инвестсубсидия алатын ТОП-50 шаруашылық

Аргентиналық фермерлер Қазақстан шаруашылығымен жақсы таныс, мұнда 10-15 жыл бойы келіп, тұқыммен танысып үлгерген. Қазақ ақбас палатасы барлық жауапкершілікті түсінеді, сондықтан материалды жіберуге асықпайды. Дайындық жасап, тапсырысты орындауымыз керек.

- Біздің мақсатымыз - дайын жоғары сапалы генетикалық өнімді сату, - деп атап өтті Дәурен Матақбаев. - Өткен және қазіргі жылдары біз «Асыл түлік» станциясында бұқаларымызды жаңарттық. Палата оларды фермерлерден әділ бағамен сатып алып, станцияға жеткізді. Онда алынатын ұрық алдымен толық тексеруден өтеді. Сапа параметрлеріне сәйкес келсе, ол экспортқа шығады.

Ақбас материалын шетелге сату көп ақша әкелмесе де, елдің имиджі, мал шаруашылығы үшін бұл үлкен артықшылық болады. Сонымен қатар, Қазақ ақбас тұқымының халықаралық қауымдастығын құру жұмыстары жүргізілуде. Оған Қазақстаннан басқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай кіреді. Болашақта - Аргентина да.

- Сондай-ақ, ІҚМ генетикасына қатысты проблемалар бар Африка елдері де ақбас материалына қызығушылық танытады, - деп түйіндеді Дәурен Матақбаев. - Иә, біздегі сиыр тұқымы жас, бірақ мақтануға тұрарлық нәрсе бар. Егер біз бұл саланы одан әрі дамытуды жалғастыратын болсақ, 10 жыл ішінде ақбас сиырдың  генетикасын алу үшін бізге әлемнің әр түкпірінен мал өсіретін компаниялар келетінін  болады.

Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.