ЕАЭО агросектордың тиімді жұмыс істеуі үшін ғарыштық спутниктерді біріктіруде

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы (ЕЭК) Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) бақылау деректері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтерді ұсыну саласындағы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ғаламдық кооперациялық жобасын мақұлдады. Бұл туралы ЕЭК баспасөз қызметі хабарлады.

Жерді ғарыштан қашықтықтан бақылау технологиялары ауыл шаруашылығына, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруін қадағалау, төтенше жағдайлардың алдын алу және т. б. жаңа тәжірибелерді енгізу үшін бірегей шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді.

 «Спутник құрылғылардың көмегімен егістіктегі жағдай, топырақтың құрамы  бағаланады, нақты түрде алқапта көп егін жинауды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қалай жақсы өңдеу керектігін талданады. Спутниктер жердің әр түрлі аймақтарында қандай да бір агро дақылдың қалай өсіп жатқанын түсінуге көмектеседі. Осындай құралдар арқылы ауа райы болжамдары жасалатын ақпараттың шамамен 80%-ы ғарыштан алынды. Спутниктік әдістер орман картасын жасауға, өртті жедел анықтауға және оларды сөндіру жұмыстарын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Ғарыштан ғаламшарды бақылаудың мүмкіндіктері үнемі өсуде», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

ЕЭК қабылдаған құжатты әзірлеу жұмыстары «Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар – жаһандық бәсекеге қабілетті өнімдер» атты Еуразия технологиялық платформасының қатысушылары болып табылатын Қазақстан, Ресей және Беларусия кәсіпорындарының бастамасы бойынша жүргізілді.

ЕЭК ақпараты бойынша, бүгінгі күні орбитада қашықтықтан бақылаумен айналысатын 500-ге жуық жерсерік ұшуда. Биыл олардың саны 1200-1300-ге дейін жеткізіледі деп жоспарлануда. Жақын арада оларға Еуразиялық топ қосылатын болады.

Аталған  бағдарламаны 2021-2025 жылдар аралығында үш кезеңде жүзеге асыру көзделіп отыр. Бірінші кезекте Одақ елдерінің серіктерінің қолданыстағы және перспективалық топтарын біріктіру міндеті тұр. Нәтижесінде бақыланатын аумақтың алаңы ұлғаяды, шолу жасау мерзім және тұтынушыларға ақпарат беру жылдамдығы артады.

Екінші кезеңде ЕАЭО Біріккен ғарыштық түсірілім бойынша бірыңғай деректер банкін құру орындалады. Деректерді қабылдау мен өңдеудің ұлттық жерүсті кешендері жаңадан жасалады. Бұл одақ мемлекеттері экономикасының түрлі секторларын пайдаланушыларға ұсынылатын геоақпараттық қызметтердің сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Аталған бағдарламаның соңғы кезеңінде орта және жоғары  деңгейдегі ғарыш аппараттары базасында Жерді қашықтықтан зондтаудың бірлескен ғарыш жүйесін құру жұмысы істелінеді. Оларды дайындау мен өндіруді одақтас елдердің кәсіпорындары тығыз түрде жүзеге асыратын болады. Бұл өндірістің ғарыш аппараттарының сипаттамалары әлемдік үлгілерге сәйкес келеді, ал бірқатар параметрлер бойынша шетелдік аналогтардан асып түседі.

Қазіргі уақытта аталған Еуразиялық мемлекетаралық бағдарлама Одақтың барлық елдерімен келісілген. Енді оны ЕЭК Кеңесі қарастыруы керек, содан кейін үкімет басшылары және Еуразиялық үкіметаралық кеңес бекітуі тиіс.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.