Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Алматы облысында ирригациялық жүйелерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде
Алматы облысында жаңа суармалы жерлерді қолдану мақсатында ирригациялық желілерді қайта жасау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы облысындағы ирригациялық желілердің жалпы ұзындығы 17 мың шақырымды құрайды. Бұл республика бойынша ең үлкен жүйе. Осыған байланысты өңірде су шаруашылығын дамыту бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізілуде.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 4 су шаруашылығы нысаны қалпына келтіріледі, олар: Көксу және Қаратал бөгеттері, Панфилов ауданының Өсек су торабы және Талдықорғанның суару желілері.Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 3,662 млрд теңге бөлінді. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2300 га суармалы жер пайдалануға енгізу жоспарлануда.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, Алматы облысында 2016 жылдан бастап суармалы желілерді қайта құру жолымен 137,8 мың га суармалы алаңды қалпына келтіру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда суару желілерін қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама дайындау басталды, осы мақсатқа облыстық бюджеттен 3,1 млрд теңге бөлінді.
Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап Ислам Даму Банкінің қаражаты есебінен Ақсу, Алакөл, Ескелді, Көксу аудандарының суару желілерін қайта жаңарту жобалары іске асырылуда. Осы төрт ауданда 35,4 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі.
Аталған өңірдегі коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы нысандарын күрделі жөндеуге жыл сайын 1,5-2,0 млрд теңге бөлінеді.Биылғы жылы 11 су шаруашылығының құрылысы күрделі жөндеуден өткізілетін болады, олар:Райымбек ауданындағы Үкірші магистральды каналы, Іле ауданындағы Достық, Құтырған, Книжевский, Талап, Сасықбай, Жамбыл ауданындағы Қызыл Ту-1, Қызыл Ту-2 және К-32, Қарасай ауданындағы Октябрь-2, Талғар ауданындағы төменгі Күтентай, Кербұлақ ауданындағы Еңбек және Арал төбе.
Сонымен қатар, жаңа суармалы жерлерді пайдалануға бағытталған 2028 жылға дейінгі суармалы жерлерді дамыту жоспары бар. Аталған құжатқа сәйкес 81,8 мың га суармалы жерді қолданысқа енгізу жоспарлануда. Осы мақсатта облыстың 10 ауданында 5 жаңа су қоймасын, ирригациялық жүйелерді, сорғы станциялары мен ұңғымаларын салу және қайта жаңарту жоспарлануда.
Ұйғыр ауданындағы Сұңқар және Диірмен су қоймалары құрылысының техникалық — экономикалық өқжаттарын дайындауға облыстық бюджеттен 41,7 млн теңге, Ескелді ауданындағы Балықты өзеніндегі су қоймасы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 32,5 млн теңге бөлінді.
Сонымен қатар, Сарқан ауданының Басқан өзеніндегі Покатиловка су қоймасын салу үшін «Энергомост» ЖШС инвесторы 128,0 млн.теңгеге ТЭН әзірледі. Қазіргі кезеңде мемлекеттік сараптаманың қорытынды алынды, ЖСҚ әзірленуде. Сондай-ақ, Ақсу ауданындағы Бүйен өзенінде су қоймасын салу үшін ТЭН дайындау үшін мәлімет жинау жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен бірге, Ақсу ауданында 5,9 млрд теңге жұмсалған Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.