Атыраулық диқандар жемшөп дақылдары мен көкөністер өсіруді қолға алды

Атыраулық еңбеккерлер егіс алқаптарының көп бөлігіне мал азығына қажетті дақылдар мен көкөніс себеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Биыл Атырау облысында егіс алқабы 9222 гектарды құрайды. Оның көп бөлігі - 3332 гектарға жемшөп дақылдары егіледі. Көкөністер 2,6 мың гектарға, картоп 2 мың гектарға, бақша дақылдары шамамен 1,2 мың гектар жерге отырғызылады», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ведомства  облыста егіс алқабы аз болғандықтан, фермерлер алқапты игеріп, аз уақыттың ішінде жоспарланған өнімнің жартысын егіп үлгергенін атап өтті. Қазіргі уақытта облыста 1878 га жемшөп дақылдары, 1271 га көкөніс, 600 га қауын және 705 га картоп егілді.

Көктемгі егін егу жұмыстарына 305 ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан 1,5 мың жұмысшысы қатысуда. Көктемгі дала жұмыстарына 783 дана ауыл шаруашылығы техникасы қолданылуда.

«Айта кету керек, Атырау облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері биыл арзандатылған дизель отынын алуға өтінім берген жоқ», — деді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, жалпы Қазақстанда биылғы жылы көктемгі егіс 18 625,8 мың га алқапқа (2019 ж. — 18 422,6 мың га) отырғызу жоспарланған.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.