Казахстан пресек ввоз более 10 тыс. тонн сельхозпродкции без документов

Қазақстанда жыл басынан бері 10 мың тоннадан астам ауылшаруашылық өнімі елге кіргізілмеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік инспекторлары заң бұзушылықтар бойынша мынандай шаралар атқарды: жалпы көлемі 10 мың тоннадан асатын 332 тауар қайтадан кері қайтарылды. Тағы бір жағдай бойынша,  ластанған өнімдердің бүкіл партиясы өртелді. Сонымен қатар, жалпы сомасы 22 млн теңгеден асатын 384 айыппұл салынды», — деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ведомствоның хабарлауынша, жыл басынан бері Қазақстанға әкелінген тауарларды тексеру кезінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік инспекторлары өсімдіктер карантині бойынша тыйым салынған 600-ден астам заңнама бұзушылықтарды анықтаған. Көп жағдайда тауар әкелетін кәсіпкерлердің фитосанитариялық сертификаттары жоқ, маркасы жоқ және маршрут бойынша жүктерді жеткізу мекенжайы анық емес болған.

Сонымен қатар, 60 жағдайда импорттаушылар карантинге жататын өнімді екінші рет қаратудан бас тартқан, 13 жағдайда инспекторлар тауарлардан қауіпті карантиндік белгілерді тапқан.

Карантин талаптарын көбінесе Ресей Федерациясынан (439 заң бұзушылық), Өзбекстаннан (110) және Ираннан (33) өнім әкелетін кәсіпкерлер бұзған.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.