Қазақстандық ғалымдар шырын сығындыларын сусындарға қосуды ұсынуда

Тамақ өнеркәсібі және қайта өңдеу ҚазҒЗИ ғалымдары (Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының еншілес кәсіпорны) пектин сығындыларын алуда және шырын шығаруда қайта өңделген өнімдерді қосуды ұсынады. Бұл туралы ҰАҒБО баспасөз қызметі хабарлады.

«Ас қызылшасы мен сәбізден жасалған шырындар мен сусындарда пектин сияқты құнды зат жоқ, алайда бұл пайдалы өнім олардың сығындысында көп қалады. Жемістер мен көкөністердің езілген өнімінде пектин көп мөлшерде болады, осыған байланысты қазақстандық ТӨҚӨ ҒЗИ ғалымдары пектинді сығындыларды алу және  шырындарды одан әрі байыту үшін осы шикізатты қайта өңдеуді ұсынады», - деп хабарлады ҰАҒБО.

Қазақстан көкөніс өнімдерінің түрлі сұрыптарын (Бордо және Қызылқоңыр ас қызылшалары, Шантане және Алау сәбіздері және басқалары) өсіру үшін климаттық тұрғыда қолайлы болып табылады. 2019 жылы көкөністер 180,5 мың гектарға егілді, жалпы өнім 3659,3 мың тоннаны құрады. Сәбіз өсіру мөлшері 481,5 мың тоннаны (9,7%) құрады, оның 38,5 мың тоннасы өңделді, 175,3 мың тонна ас қызылшасы (10,5%) өсірілді, оның 17,8 мың тоннасы өңделді.

Алайда осы жиналған өнімдердің дұрыс сақталмауынан 30%  бұзылады немесе одан да көп мөлшері құриды. Көкөністерді дұрыс сақтау үшін оларға құнды биологиялық белсенді қоспаларды қоса отырып қайта өңдеген дұрыс болып табылады.

Құрамындағы көмірсулар, дәрумендер, пектин және басқа қосылыстардың арқасында ас қызылшасы мен сәбізден алынған өнімдер гипертония, атеросклероз, жүрек-қан тамырлары жүйесі, бауыр және басқа көптеген аурулардың алдын-алуда және емдеуде үлкен пайдасы бар екенін атап өту маңызды. Сондықтан бұл тағамдарды адамдардың тамақтануда рационына қолдану өте маңызды.

Алайда ас қызылшасын өңдеу технологиялары жетілмеген. Бұл әдісті жан-жақты жетілдіру олардың сапа көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Тақырыпқа байланысты оқу: Органика міндеті:Алматы тұрғындарын «таза» пайдалы өніммен қалай қамтамасыз етуге болады

Көкөніс өнімдерінің сығындыларын қайта өңдеп пайдалану биологиялық құнды өнімдер алуға мүмкіндік береді. Ас қызылшасы, сәбіз және алма, жеміс-көкөніс шырындарының сығындыларынан - экологиялық таза​​ тамақ өнімдерін алуға болады, олар табиғи заттармен байытылған. Құрамында пектині бар сығындыларды қолдану арқылы қалдық қалмайтын цех ашуға болады.

Аталған зерттеу жұмысының авторы - Қазақстан ҒЗИ-дың «Сапа және тамақ қауіпсіздігі биотехнологиясы» зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Масимжан Велямов.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.