Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Болашағы жоқ сәулетшілер
Өздерін «Болашақтың сәулетшілері» деп атайтын бір топ жастар биылғы көктемде Канададан Қазақстанға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарын алып келді және сол арқылы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін қарқынды түрде өсіруді қамтамасыз етеміз деп сендірді. Егер қазір елде қолданылатын тұқымдар орташа есеппен 12-13 ц/га өнім берсе, шетелде 3-4 есе көп болады деген сенімділік бойынша тәжірибе бастады.
Сонымен, күздің соңғы күндері де келді, есеп берер уақыт жетті.
Егін мөлшерін диірменде санауға болады
Аталған тәжірибеге Солтүстік Қазақстан облысынан «Тайынша-Астык» (Анатолий Рафальский), Ақмоладан - «Ақмола Феникс» (Максим Божко) және «Родина» агрофирмасы (Иван Сауэр) қатысты. Сондай - ақ, Қарағанды облысынан «Найдоровское» ЖШС (Павел Лущак) алқаптарында себу жоспарланған болатын, бірақ қатыспады.
Барынша жарнамаланған жобаның барысы туралы егжей-тегжейлі жаз мезгілінде білуге тырыстық. Алайда, оның қатысушылары үндемеді. Бұл орынды да шығар. Алайда ең тәжірибелі қатысушылардың бірі- Иван Сауэр жағдайдың шет жағасын айтып қалды. Ол 35 ц/га деңгейінде егін жинау жайында камераға айтып берді. Еңбеккер бірнеше рет өкінген, себебі ел арасында «нан мөлшері егістіктен емес, сөреде саналады» деген мақалдың даналығына көз жеткізді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Күздік бидай климатқа төзімді
Яғни, өсіп тұрған бидайға қарап, кез- келген мөлшерді айтуға болады. Тек астық көлемін комбайн бидайды орған соң шамалап болжаған дұрыс болар. Егістікте өсіп тұрған кезіндегі айтылған есеп алдамшы болуы мүмкін. Өйткені әр түрлі сұрыпты бидайдың дәні, түрі мен тұқым көлемі, тіпті әрқайсысының салмағы әртүрлі болады.
Сонымен қамбаларда қанша астық жиналды?
Канадалық тұқымдар арқылы жасалған тәжірибенің нәтижесі қандай болды? Ең көп астық «Родина» шаруашылығында жиналған еді. Бірақ 35 ц/га емес, 20-дан сәл артық болды. Яғни, шаруашылықтың орташа өнімділігі осы деңгейде болды. Канадалық тұқымдар қазақстандық немесе ресейлік тұқымдармен салыстырғанда соншалықты артық болып өспеді.
Көптеген шаруашылықта астық мөлшері бұдан да төмен деңгейде болды.
- Бізге келген қызметкерлердің айтуынша, үш шаруашылықтың қорытындысы бойынша ең жоғары өнімділік бізде болған, - деді Иван Сауэр. - Мұны бізге жігіттердің өздері айтты. Неліктен басқалардың нәтижелері нашар болғанын білмеймін, жалпы солтүстікте жер жақсы. Мүмкін егіндікті дұрыс таңдалмаған шығар, мүмкін басқа да жағдайлар әсер еткен болар. Бізде 20,4 ц/га жиналып, ең жоғары көрсеткіш болды.
Сонымен, тәжірибе жүргізілген «Родина» агрофирмасында канадалық тұқымдарды пайдаланудың нәтижелеріне келетін болсақ: жұмсақ бидай екі сұрыптан алынды, біреуі 20,2 ц/га, екіншісі 20,4 өнім берді. Қатты бидай 17,9 ц/га берді, сояның өнімділігі 9,8 ц/га құрады.
Егістіктегі «Сәулетшілер»
Жобаны іске асыру барысы жайлы бізге «Родина» агрофирмасының бас агрономы Қанат Әділбеков айтты. Оның хабарлауынша, эксперимент үшін «сәулетшілерге» 500 га алқап бөлінді, шаруашылық келісімшарт жасады, оларға жер берілді, техника және оған қызмет көрсететін адамдар бөлінді. Қалғанының бәрін екінші тарап өз мойнына алды. Агрономия саласына жетекшілік ету үшін- ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, астаналық С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ доценті Нина Шестакова шықырылды.Ол астықтың өсу жылдамдығын, барлық іс-шаралардың мерзімдерін, өсіру технологиясын анықтады.
«Олар экспериментті алғаш бастаған кезде 35-40 ц/га бидай жиналады деп жорамалдады. Себебі озық технология, перспективалы сұрыптар және т.б. қолданылуда деген ойда болды. Маған жаңа және пайдалы нәрсе көрсетсеңдер тек қуанамын»,-деп еске алады Қанат Әділбеков.
Канадалық тұқымдар биг-бэгпен әкелінді. Бөлінген 500 га тәжірибелік алқапқа «Родина» еңбеккерлері тұқымды 23-24 мамырда екті. Бұл өңір үшін ең қолайлы мерзім 22-27 мамыр аралығы болатын. Үш дақыл егілді: жұмсақ бидай, қатты бидай, соя. Егіс кезінде тыңайтқыштар да қолданылды. Кейінірек, вегетация кезеңінде сұйық тыңайтқыштар қосымша тағы қосылды.
- Біз өз алқаптарымызда ештеңе істемедік, - деп түсіндірді Қанат Әділбеков. - Аммофосты топыраққа тек сумен қостық. Тәжірибе жасаушыларға барлық сұрағандарын бердік, инсектицидтер және фунгицидтермен де қамтамасыз еттік. Сонымен, зиянкестер де, аурулар да егінге зиян тигізбеді. Дегенмен, тәжірибе жасалған «канадалық» алқаптың нәтижелері қазақстандық және ресейлік селекцияның тұқымы себілген жерде өнім «Родина» агрофирмасының егін мөлшеріндей болды.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қарабалық АШТС тұқымдары ыстыққа төзімді болды
Әрине, астық өнімділігі әр алқапта әртүрлі болады, өйткені топырақ пен ылғал әртүрлі. Бу учаскелерінде көрсеткіштер жоғары.
- Біз булау әдісін қолдану арқылы А. Бараев атындағы АШҒӨО селекциясының «Шортанды 2012» сұрпын егіп, 20,9 ц/га өнім алдық, - деді Қанат Әділбеков. – Біз бұл сұрыпты 2017 жылдан бастап-қолданып келеміз. Қазақстан бойынша тұқым өсіреміз және сатамыз. Ресейлік «Старт» сұрпынан 20,4 ц/га өнім жинадық. Өнім нәтижесі бойынша Канадалық тұқыммен бірдей болды.
Алынған астықтың сапасына талдау да жүргізілді. Ерекше айырмашылықтар да болған жоқ. «Асыл Сапа» атты қазақстандық сұрыптың (А. Бараев атындағы АШҒӨО тұқымы) клейковинасы - 29,5%, ресейлік «Старт»-27,9%. Клейковина мөлшері канадалық жұмсақ бидайда -27,3%, екінші сұрыпта – 32% көрсетті.
Генетика табиғатқа қарсы
Әрине, Қанат Әділбеков эксперимент барысын қадағалап, егістіктерді қарап отырды. Мұндағы алқаптарда көп тыңайтқыш қолданылғанына қарамастан, бұл егістіктен вегетация кезеңінде керемет ештеңе алынбады. Себебі басқа тәжірибелі мамандар сияқты, уәде етілген істің болмауы күтпеген жайт болды. Әуесқойлар ғажайыптарға сенсе, сарапшылар ғылымға сенеді. Ең басты дақылдың өсуін шектейтін фактор-ылғал болып табылады.
- Дақылдарға ылғал жетіспеді, - деп атап өтті Қанат Әділбеков. – Астықтың шығымы осыған байланысты. Біздің табиғи-климаттық аймағымызда, қара қоңыр топырақта, максимум 25-27 ц/га күтуге болады, бұдан артық емес. Керемет өнім нәтиже жайдан -жай бола қоймайды.
Жауын-шашын мәселесі эксперимент нәтижелерін түсінудің себебі болып табылады. Бұрын ElDala.kz порталына «Найдоровское» ЖШС директоры Павел Лущак айтқандай, ылғал-Қазақстанның табиғи-климаттық аймағындағы негізгі шектеуші фактор. Орташа есеппен 1 центнер дақыл алу үшін 16-20 мм ылғал қажет. Яғни, қазақстандық орташа жылдық 300 мм-ге жетеді, яғни 20 ц/га- өнім алуға болады.
- Бізде 50 ц/га өнім алу үшін кем дегенде 700-800 мм жауын-шашын қажет, - деді Павел Лущак. - Қалғанының бәрін жасауға болады. Кез-келген агроном сізге осылай айтады. Сондықтан, ең алдымен, ылғалды жинауды үйрену керек және оны дұрыс пайдалану керек. Біз қазір 1 центнер алу үшін 12-14 мм қажет екендігін білеміз. Топырақ қысқы ылғалды көп жинайды. Содан кейін, көктемде егін егуден кейін тағы суарамыз. Міне, осындай жұмыстар үлкен нәтижелерге қол жеткізеді.
Осындай агротехнологияларды қолданудың арқасында Найдоровскидегі астықтың орташа өнімділігі биыл шамамен 20 ц/га құрады. Кейбір фермерлер жаңа сұрыптармен тәжірибе жүргізетін жеке учаскелерде көрсеткіштер жоғары болды. Қарабалық АШТС «Айна» сұрпынан 28,6 ц/га алды. Қазақстандық селекция сұрыптарының ішіндегі ең үздігі Ресейлік және Еуропалық сұрыптар болып табылатын он тұқым егілді. Тәжірибелі учаскелердің өнімділігі 24 - тен 33 ц/га-ға дейін болды, бірақ әлі де орташа есеп -20 ц/га деңгейінде.
Тақырыпқа байланысты оқу: Агротехнология әр гектардан $500 пайда түсіруге қалай көмектеседі
Ылғал жайлы тағы айтар болсақ,Қанат Әділбеков биылғы маусымды жауын жақсы болды деп бағалады. Қалай болғанда да, Ақмола облысында жағдай Қостанай облысына қарағанда қолайлы болды, құрғақшылық өсімдіктердің дамуына қатты әсер етпеді.
- Дегенмен, біздің аймақ үшін биылғы жылы 320 мм деңгейінде ылғал түсіп, жақсы болды, - деп атап өтті агроном. - Маусым айының басында құрғақшылық болды, ал дақылдар аздап зардап шекті. Бірақ осыдан кейін жаңбыр жеткілікті мөлшерде жауды. Осылайша, біздің фермамыз орта есеппен 17 кг/га астық дақылын ала алды.
Барлық тұқымдар (соның ішінде канадалық тұқымдар) қазақстандық жағдайда өз мүмкіндігін көрсете алды деп қорытынды жасауға болады. Жақсы өнім алдық, алайда бұл отандық агрономдарды таң қалдырмады.
Есепсіз жүргізілген тәжірибе
Негізінде, тәжірибенің теріс нәтижесі де болады, деді Иван Сауэр. Өйткені, ұйымдастырушылардың айтқан тұжырымдары әуел бастан біртүрлі көрінді.
– Олардың айтуынша, Канаданың Саскачеван провинциясындағы орташа жылдық жауын - шашын Ақмола облысымен бірдей, демек, өнімділік шығымы да бірдей болуы керек, - дейді «Родина» директоры. - Бірақ жауын-шашын 365 күн бойы жауады емес пе. Саскачеван мен Канаданың ерекшелігі-жауын-шашынның негізгі бөлігі вегетация кезеңінде түседі. Ал Ақмола облысында жауын – шашынның басым бөлігі күз, қыс, көктем мезгілдерінде жауады. Бұл жауын-шашын кем дегенде 50% -ды құрайды. Міне, мәселе осында. Соншалықты есептеусіз осындай тәжірибе жүргізуге болады ма екен?
Сондықтан Иван Сауэр бастапқыда эксперименттерге қатысудан бас тартты. Бірақ кейінірек таныс «Адамдар» (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы қызметкері) өтініші бойынша келісті - дәл осы жолмен канадалық тұқым өнімдерін жеткізушілер «Родина» кірді.
– Жақсы, тәжірибе жасағылары келсе, бір аздаған алқапты алып, өсірсін, - деді Иван Сауэр. - Бірақ менің түсінбейтінім: олар неге «Родина» агрофирмасын таңдады? Әрине, біздің технологиялар дамыған және кез-келген жағдайға қарамастан, біз жоғары өнім жинаймыз. Яғни, олар осында келгенде, не үшін келе жатқандарын білулері керек еді ғой. Оларға объективті эксперимент қажет емес, PR үшін келгендей болды. Сондықтан олар бәрін әдемі етіп көрсету үшін осында роликтер түсірді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстан тұқымы 60% Ресейге тәуелді
«Родина» егіс алқаптарында түсірілген көп сериялы видеофильм жайлы айта келе Иван Сауэр, бұл қарапайым адамдарға арналған деді. Барлық тәжірибе де сондай сияқты. Шынында да, егер кәсіпқойларға «сәулетшілер» ойлап тапқан схеманың қалай жұмыс істейтінін көрсету болса, тәжірибе үшін мықты шаруашылықтардың егіндіктерін емес, Нұр-сұлтан қаласының қасындағы бос жерлерді таңдау керек еді. Сол алқаптарда тәжірибе жүргізіп басынан аяғына дейін көрсетуге болатын еді.
- Бірақ оған техника керек, инфрақұрылым керек, - деп атап өтті Иван Сауэр. - Мұның бәрін кім дайындап береді? Механизаторларды кім үйретеді? Техниканы қалай сатып алады? Ойлап көрсеңіз: егер олар 5 мың га егістікті игере алмаса, онда қайдан 5 миллион га туралы айтуға болады? Бұл бейне ролик түсіру емес, компьютерде слайдтар жасай салу емес. Өмірде бәрі басқаша, әлдеқайда күрделі. Сонымен, бұл жоба жүзеге аспайтыны басынан белгілі болып еді. Тіпті егер бұл шын мәнінде керемет тұқым болса да, оны өсіру үшін талай нәрсе қажет.
Буратиноның жаңа түрі
Әрине, кейбір адамдар әдемі оқиғаға сенгісі келді. Жалпы адамдар өмірде ғажайып нәрселерді күтеді. Бұл жағдай ғажайыптар алаңына келген Буратино туралы ертегі сияқты, онда жерге алтын монеталарды көміп, оның өсуін күтеді емес пе. Бұл ертегі ақымақтар елінде болды.
-Мен адамдарды алдап, ақымақ қылғанды жақтырмаймын, - деді «Родина» директоры.
– Алайда кейбір жандар осындай айлакерлердің құрығына түсіп жатады. Олардың айтуынша елде 30 жыл бойы ауыл шаруашылығында ештеңе істелмеді, енді бізге құтқарушылар келіп көмектеседі. Менің ойымша бұл қорлау. Шындығында, бізде 30 жыл ішінде көп нәрсе жасалды. Небір фермалар керемет жұмыс істеуде. Біз батыстық әріптестерден де жақсы істейтін жұмыстарымыз бар. Ия, бізде ауыл шаруашылығында еңбек етушілер аз шығар. Егер біз неғұрлым көп болсақ, мұндай жалған «сәулетшілерге» аз сенер едік.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы тұқым сататын ірі ТОП-50 компания
Аталған тәжірибені ұйымдастырушылар «Родина» қоймасынан тұқымдар алып кетті. Бұдан кейін не болары белгісіз. Иван Сауэрдің айтуынша, оның әріптестері бұл тұқымдарды қымбат бағамен сатып жүрген көрінеді. Білетін адамдар қоңырау шалып, мән-жайды сұрауда.
- Бастапқы кезде менде «Сәулетшілердің» өздері де біреуге алданып қалды ма деген ой болды. Әрине, бұл әуесқойлар паркеттпен жүретін жігіттер. Мұндай жобаларды қолға алғандар көп болды. Бірақ барлығы баз қалпында ешнәрсе шықпады. Сонымен, бізде жасалған тәжірибе жайлы нақтырақ айтып берейін.
- «Болашақ сәулетшілері» жобасы немен аяқталады деп ойлайсыз?
- Олардың болашағы жоқ. Олар әуесқой, ал әуесқойлардың жұмысы әрқашан да нәтижесіз, жай бос әурешілікпен аяқталады. Мұндай жүзеге аспайды. Шынында да, нәтижелер жарияланғаннан кейін бәрі түсінікті болды. Менің ойымша, олар өздері де түсінді, ешқандай пайда түспейтінін көрді. Айтқандай, барлық шу, әңгіме аяқталған кезде мен оларды маған әкелген «Көкемізге» қоңырау шалып, сұрадым. Ол маған: «Олармен бірге жұмыс істемейтінін айтты», - деп жауап береді.
- Olzha Agro Қостанай агрохолдингінің басшысы Айдарбек Ходжаназаров ! Сәулетшілерді» келесі жылы өз егістіктерінде жұмыс істеуге шақырыпты.- Қалай ойлайсыз, олар келеді ме?
- Жоқ, олар енді қайтып келмейді деп ойлаймын. Бұл тәжірибені жалғастырудың еш қисыны жоқ? Биылғы жылы олар «Сәулетшілер» өздерінің күштерін, тұқымдарының қабілетін тексеріп көрді, енді қайта бастайды деп ойламаймын.