Үкімет бау-бақша саласын қолдау шаралары туралы айтты

Қазақстанда бау-бақша шаруашылығын қолдауда көшет алудан бастап, жабдық сатып алуға дейін субсидия беру қарастырылған. Ішкі нарықты алмамен қамтамасыз ету үшін 6,6 мың гектар алқапта жаңа интенсивті бақтар құру жоспарлануда. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың сауалына жауап бере отырып, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр хабарлады.

Бұған дейін Ирина Смирнова өз сауалында Қайрат Каримов пен Роза Умурзакованың бастамасымен еріктілердің  Батыс Қазақстан облысында питомник бақ отырғызғандары  туралы айтқан болатын. Алайда аталған жобаны коммерциализациялауға грант алуға тырысқан, бірақ рұқсат ала алмаған.

«Аталған бақта алманың тамыр сабағынан көбейтілген клондарының 200 сұрпы мен 80 түрі, 170 жүзім және жүзімнің будандары өсіріледі. Ғалымдар ғылыми-зерттеу институтының қызметіндей ауқымды өндірістік және ғылыми жұмыстар жүргізуде. Бұл жұмыстардың нәтижелері өндірістік және интенсивті бау-бақшаны дамыту тек Батыс Қазақстанда ғана емес жалпы республика бойынша өте маңызды», - деді депутат.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта олар питомник-бақша деңгейінде сынақтан өтіп жатыр. Енді өндірістік бақ құру қажет, бірақ бағбандарда қаражат қалмады, өйткені олар барлық зерттеулерді өз есебінен жүргізген еді.

Сонымен бірге, Ирина Смирнова ауылшаруашылық саласына мемлекеттік қолдау көрсету шараларының тиімділігін сынға алды, «жыл сайын салық төлеушілердің бюджетінен АӨК-ті қолдауға 350 млрд тенге бөлінеді», алайда импортталған ауыл шаруашылығы өнімінің теріс сальдосы $1 млрд -қа жетеді» -деді ол.

Тақырыпқа байланысты оқуАШМ Қазақстанды Литва елімен салыстыру жайлы пікірге жауап берді

Аталған сауалға жауап ретінде Роман Скляр бүгінде мемлекет отандық питомниктер мен бақшаларды дамытуға қолдау көрсетіп отырғанын хабарлады: көшеттерді субсидиялау, тамшылатып суару шығындарын өтеу және қажетті инфрақұрылымды салу, жабдық сатып алуға да, бақша отырғызуға қаражат бөлінетіндігін айтты.

Сонымен қатар, отандық питомник өсіруді қолдау үшін жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық тұқымдарын отырғызуға кеткен шығындардың 50% төленеді.

Субсидиялау ережелеріне сәйкес АӨК субъектісі инвестицияларға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеуге, 5 гектардан интенсивті алма бағын отырғызуға, 5 гектар жеміс-жидек дақылдары мен жүзімді отырғызуға және сатып алынған жабдықты өтеуге субсидия беріледі, жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық тұқымының 25% өтеледі.

Тақырыпқа байланысты оқуАлматы облысында фундук өсіріле бастайды

Сонымен бірге, Роман Скляр сауалнамада айтылған питомник бақшаға да қолдау көрсету мүмкіндігі туралы пікірін айтты.

«Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты ҰАҒБО Қазақ бау-бақша өсіру ғылыми-зерттеу институты С.И. Исаевтің құрметіне Халықаралық тәжірибе бақшасымен ынтымақтастық орнатуға дайын. С.И. Исаев негізін қалаған түрлі сұрып үлгілерінің жай-күйі туралы және оны ғылыми зерттеулер жүргізу үшін база ретінде пайдалануға толық ақпарат алу керек, ол үшін мамырдан тамызға дейін бақтың вегетациялық кезеңінде мамандар мен питомниктер ғылыми аудит жүргізгені дұрыс. Аккредиттеу болған жағдайда белгіленген тәртіппен гранттық қаржыландыру байқауларына қатысуға болады, сондай-ақ құжаттамаға сәйкес салалық уәкілетті орган жариялайтын бағдарламаға ғылыми жұмысты ұсынуға болатынын атап өтеміз»,-деп хабарлады вице-премьер.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.