Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етін импорттауға квота бөлу туралы хабарлады
Ауыл шаруашылығы министрлігі 1 мамыр мен 1 маусым аралығында ет өңдеушілерден сиыр еті импортының игерілмей қалған тарифтік квоталарын қайта бөлу үшін өтінімдер қабылдай бастады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінде хабарланғандай, 9 240 тонна ет импортына квота бөлу жоспарланып отыр.
Аталған квотана алу үшін белгіленген форма бойынша өтінім беру қажет, онда тарифтік квоталардың қажетті көлемдерін көрсетіп, сонымен қатар дайын өнім жасауда қолданатын шикізат көлеміндегі ІҚМ етінің үлесін көрсете отырып, жазу керек.
Сондай-ақ, статистика органдарына өнімді өндіру және жөнелту туралы есеп беру (жеке кәсіпкерлер үшін - есепшот ашу жайлы анықтаманың (расталған) нотариалды куәландырылған көшірмесі (немесе тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсыну) қажет, тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісіне берілген нөмір және барлық өткен жылы құжаттардың қабылданғаны туралы уәкілетті органның белгісі болуы тиіс.
Қосымша сұрақтар бойынша келесі нөмірге қоңырау шалуға болады: +7 (7172) 55-58-21.