Нұрлан Құралов: халық денсаулығы фермер өнімдеріне байланысты

Әр адамның иммунитеті жейтін тамағына байланысты. Егер үнемі өңделген тағамдар жейтін болсаңыз, қант пен жасанды қоспалар көп болса, онда адам баласы ауруға шалдығады. Денсаулыққа пайдалы тағамдарды тұтынбай, фаст-фуд жейтін адамның барлық жері ауырып, ағзасы қорғанбай әлсірей бастайды. Сондықтан ұлт денсаулығын елдің ауыл шаруашылығы өнімдеріне байланысты деп нық сеніммен айта аламыз. Егер фермерлер пайдалы табиғи өнімдер ұсына алса, денсаулық мықты болады.

 

Иммунитеттің ерекшелігі

«Ұлт денсаулығы - бұл елдің басты байлығы екенін барлығымыз білеміз, ал коронавирус індеті бұл жағдайға назар аударуға шақырады», - деді Оңтүстік Қазақстандағы «Амангелді» ауыл шаруашылық холдингінің негізін қалаушы Нұрлан Құралов. - Біздің ата-бабаларымыз оны қалай сақтау керектігін білген, бізге жаңадан ештеңе ойлап табудың қажеті жоқ: ауру- астан. Сондықтан тамақ табиғи, сапалы, дәрумендерге, ақуыздарға, әртүрлі макро және микроэлементтерге бай болуы керек.

Адам денсаулығына ең қауіпті өнімді фермерлер жақсы біледі, ол- ақ ұн, қант және тұз.Егер бұларды көп мөлшерде қолданса, олар нағыз уға айналады, организмдегі зат алмасу процестері бұзылып, түрлі аурулар пайда болады.

 Тақырыпқа байланысты оқу: Иван Сауэр: Фермерлер мен сауда нүктелерінің арасында үлкен алшақтық бар 

Өкінішке орай, олар Қазақстанда көп мөлшерде өндіріледі және тұтынылады. Түрлі тәтті тоқаштар, қант қосылған сусындар, тұздалған ет өнімдері - мұның бәрі қазақстандықтардың  дастарқандарында тұрады. Пайда табу үшін диірмендер жоғары сапалы ақ ұнды көп мөлшерде шығарады, өйткені оның құны әлдеқайда қымбат. Тіпті қазақша етке арналған қамырды да ақ ұннан дайындайды, бірақ қара бидай немесе кебек ұнды пайдалану әлдеқайда пайдалы болар еді. Нәтижесінде халықтың денсаулығына зиян келеді.

- Мен жақында жаңалықтардан естідім - Қазақстанда фармацевтика саласы 47% өсті, - деді фермер. - Бұл қазір біз дәрі-дәрмектерді көптеп шығаратындығымызды білдіреді, ал осы дәріні көп ішетіндігімізге мақтануға бола ма? Бала кезімізде есіңізде болса, бүкіл ауданда бір ғана дәріхана болған, оған ешкім бармайтын. Қазір әр бұрышта бір дәріхана бар, бұл халықтың денсаулығының нашар екендігінің көрсеткіші! Фармацевтикалық компаниялар ауруларды емдеу арқылы ақша табады және біз олардың пайда болу себептерінің алдын алуымыз керек. Балаларды қартайғанға дейін сақтайтын күшті иммунитеттерін қалыптастырып, өсіруіміз қажет.

 

Ақ ұн- адам үшін умен тең

«Амангелді» ЖШС Түркістан облысында жұмыс істейді. Қазіргі кезде компанияда үлкен жеміс бағы бар, онда барлық жемістер - алма, шабдалы, шие және т.б. өсіріледі. Көп мөлшерде дәнді дақылдар да өндіріледі, аздап бұршақ тұқымдастар да бар.

Оңтүстікте күздік бидайды көп себеді. Егер ауа райы ерте суытса, онда фермерлер арамшөптерді жұлып алуға үлгермейді, сондықтан жыл сайын 30-40% жер тыңайған немесе жай өңделмеген күйде қалады. Ең жақсы амал - бұл алқаптарға ноқат пен жасымық себу. Бұршақ дақылдарының бірнеше артықшылығы бар. Бұл өнімдердің бағасы үнемі қымбат болады: мысалы, жасымықтың тоннасы 200 мың теңге тұрады, яғни бидайдан екі есе қымбат. Бұл дақылдар жер үшін де пайдалы: егер егісте бұршақ тұқымдастар отырғызылса, олар топыраққа азот бөліп, жерді құнарландырады.

Сондай-ақ, бұл өнімдерді сату қиын емес: біздің фермерлер жақында Түркияға барып,  келіссөздер жүргізіп келді. Олар Қазақстаннан жасымықты сатып алуға қызығушылық  танытып отыр.

«Дегенмен біз ең бастысы - бұршақ дақылдарын өз рационымызға барынша  енгізу керекпіз», - деп атап өтті фермер. Ақуызға бай сұлы мен қарақұмықты пайдаланғандай, ноқат, маш, бұршақ, жасымықты да жеу керек. Мұның бәрі иммунитетке жақсы әсер етеді. Мұның бәрі ақ ұнды, тіпті етті алмастыра алады. Оларда барлық қажетті ақуыздар мен дәрумендер бар. Оның үстіне олардың бағасы арзан. Мысалы маш (алтын бұршақ) келісі 300 - 400 теңгені құрайды делік. Қырғызстан мен Ферғана алқабында бұл дақыл өте көп өсіріледі және барлық өнімдер негізінен Еуропа мен АҚШ-қа жіберіледі. Ондағы адамдар салауатты өмір салтын ұстанады. Бізде осы тағамдарды тұтынуымыз керек, оларды күнделікті рационға қосу қажет.

Технологиялық жағынан да қолайлы: себебі бұршақ тұқымдастар қысқа мерзімде  тез піседі. Наурыз айының аяғында - сәуірдің басында себілді, ал мамыр айының аяғында - маусымның басында жиналады. Осылайша, егінді жинау ыңғайлы, себебі техниканың  барлығы бос болады, өйткені егін бір айдан кейін піседі. «Амангелді» ЖШС-нің өзінде бұл тәсіл үш жылдан бері қолданылып келеді. Олардың ойынша көршілері де олардан үлгі алып, осылай істейді деген үмітте.

Тақырыпқа байланысты оқу: Башадағы жұмыс өте қауырт. Фоторепортаж​

Мемлекет бұл процесті мемлекеттік қолдауға дұрыс екпін қою арқылы қолдай алады.

«2020 жылы оңтүстіктегі үш облыста біз «егін алқабынан дүкен сөресіне дейін» бағдарламасын пилоттық режимде сынап көрдік, бұл жоба бойынша, еңбеккерлерге жер және шығатын егінге 0,1% -пайызбен несие береді», - деді Нұрлан Құралов. – Әрине алғашқы кезде кейбір келеңсіз жағдайлар болды, несие беру мерзімі кешіктірілді. Алайда аталған бағдарламаны жалғастыру керек, бірақ ақшаны - тамызда емес, қаңтарда бөлу керек. Бұл егісті уақытында қаржыландыруға мүмкіндік береді.

 

«Екінші у» -қант

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі қант өндірісін ұлғайтуды өзінің басым бағыттарының қатарына қосты. Нұрлан Құралов неге екенін түсінбейді? Ақыр соңында, бұл ешқандай пайда әкелмейтін «керісінше» зиян келтіретін өнім, тек денсаулықты бұзып, бірқатар проблемалардың дамуына түрткі болады.

- Біздің ата-бабаларымыз қантсыз өмір сүрген және өздерін керемет сезінген, - деді фермер. - Мен мұны өз отбасымнан білемін - бір жыл бұрын біз қанттан бас тартқанбыз, содан бері ешкім ауырмайды.

Қантқа балама табуға болады - балғын жемістер мен кептірілген жемістер, табиғи шырындар, сондай-ақ бал, олардың өндірісі Қазақстанда өте көп.

«Амангелді» Компаниясы өз бақшаларының арқасында түрлі жаңа сығылған шырындар шығарады, онда жемістер мен көкөністерден басқа ештеңе жоқ - үш литрлік пакетте бес килограмм. Қантсыз, консерванттарсыз - заманауи технологиялар мұндай өнімді бір жыл бойы сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, компания оларды супермаркеттерде су, қант және бояғыштардан басқа ештеңе жоқ сусындар сататын бағамен сатады.

«Біздің шырындарымызды татып көргендердің барлығы олардың  басқа сусындардан айырмашылығын бірден біледі, бізге шетелден әкелінетін шырындардың дәмі басқа», - деп атап өтті Нұрлан Құралов. - Табиғи өнімнің ерекше хош иісі мен дәмі бар, оны ештеңемен шатастыруға болмайды. Бұл шикізаттың өзі - біздің бақшамызда және егістігімізде өсіретін жемістер мен көкөністердің сапасы жақсы екендігін білдіреді. Қазақстанда табиғи алмаларды көптеген компаниялар жеткілікті мөлшерде өндіре бастады. Атап айтсақ, біздің Амангелді ЖШС және Dala Fruit, Agro Fruit, Amal Bio  және басқа да компаниялар. Ауыл шаруашылығы министрлігі жеміс бақтарын кеңейту үшін жақсы қолдау көрсетуде. Бақшаларды пайдалану үшін субсидиялар 25-тен 40% -ға дейін ұлғайтылды. Бұл маңызды шара болып табылады.

«Амангелді» ЖШС одан әрі өндіріс көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Біз мектептерге, әскери бөлімдерге, ауруханаларға және т.с.с. мекемелерге шырындарды жеткізуді көбейтуге дайынбыз. Барлығы ұлт денсаулығы және ел болашағы үшін жасалуда.

2020 жылдың соңында Премьер-министр Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігіне жеміс-жидектерді отырғызу және жеміс-жидек өсіру бойынша бірлескен қазақ-түрік компаниясын құруды тапсырғанынын білеміз. Фермерлер болашаққа оптимистік көзқараспен қарауда. Сондықтан Нұрлан Құралов елімізде бақша және жүзім алқабын кеңейту керек деп санайды. Бізге осы салаларды қолдау қажет, сондай-ақ дұрыс тамақтану принциптерін насихаттау үшін сауатты мемлекеттік саясат керек.

Тақырыпқа байланысты оқу: Алматыны «таза» көкөністермен қалай қамтамасыз етуге болады

Дұрыс тамақтануды мектептен бастау керек - балаларды кекстер мен тәттілермен емес, жемістермен тамақтандыру керек. Әлемде мұндай тәсілдер өте көп. Мысалы, Польшада мектептегі әр оқушы күн сайын тегін алма алады.

«Мен жақында біздің мектепке бардым», - деді Нұрлан Құралов. - Мен асханада не сатылатынын қарадым - онда хот-дог, гамбургер, пицца, кәмпиттер, тәттілер бар екен. Бұлар адам ағзасына пайдалы ма? Біз балаларымызды осылай тамақтандырамыз! Мен директорға өз бақшамыздан алманы тегін таратуды ұсындым. Бірақ маған рұқсат бермеді - олар Білім министрлігінің бұйрығы керек екенін айтты. Біздің елде миллиардтаған теңгенің тегін дәрі-дәрмектері таратылатынын еске түсірейік. Сонда мектеп оқушыларына тегін алма таратуға болмай ма? Бізде оқұшылар саны көп емес, ал бюджеттің мүмкіндігі жетеді. Бұл іс ұлт денсаулығының қалыптасуына пайдасы көп болар еді. Білім министрлігіне шығындардың мөлшерін есептеп, үкіметке ұсыныс енгізу керек - ол қолдау табатынына сенімдімін»-деді ол.

«Амангелді» ЖШС-да 500 адам жұмыс істейді. Былтырға дейін кәсіпорын асханасына ай сайын 200 мың теңгеге қант сатып алынатын. Бірақ содан кейін олар жемістерге, тәтті асқабаққа және қызылшаға ауысып, қант тұтынуды тоқтаттық.

«Ешкім қантсыз өлген жоқ, барлығы сап-сау жүр, қайта денсаулықтары жақсара бастады», - деді Нұрлан Құралов.

 

«Үшінші у»-тұз

Тұзды тек көкөністерді қырыққабат, қияр, қызанаты, тұздауда ғана пайдалану керек - деп санайды фермер. Бұл жағдайда көкөністер пайдалы қасиеттерін сақтайды, микроэлементтерге айналады.

- Бала кезіңізде есіңізде ме - барлық жерде қырыққабат және қияр қосылған 200 литрлік бөшкелер болатын- деді Нұрлан Құралов. - оны бәрі жейтін, өйткені олар өте пайдалы өнім болып табылады.

Фермер 2020 жылдың жазында Түркістан облысының Мақтаарал ауданында өндірушілер жаңа жинаған қырыққабатты лақтыруға мәжбүр болған кезде, бұрынғы елдегі көкөністі тұздау тәсілін еске түсірді, өйткені карантин кезеңінде логистикалық жағдайға байланысты  олар өнімдерін сата алмады. Егер елде қырыққабатты тұздау әдісі сақталған болса, солай істеп, тығырықтан шығуға болар еді- бұл халыққа да, фермерлерге де пайда әкеледі.

Тақырыпқа байланысты оқу: Жидек – жылыжайдағы құлпынайға субстрат қажет емес​

Сонымен қатар, бүгінгі күні тұздалған қырыққабатты табуға болады, бірақ көп дайындалмайтын болғандықтан, бұл өте қымбат тұрады және оны бәрі бірдей ала бермейді. Егер біз жаппай осы өндіріспен айналысып, килограмын 100 теңгеден бастап сатсақ, сұраныс өте жоғары болар еді. Себебі жылыжайдағы қияр мен қызанақтың бағасы өте жоғары.

- Мысалы, қазір жылыжай көкөністерінің келісі 1 000 – 1 500 теңге тұрады, - деді фермер. –Ал, осындай қымбатшылықта тұздалған қырыққабат барынша пайдалы және бірнеше есе арзан. Мен жылыжайларға қарсы емеспін, олар жұмыс істесін және өз өнімдерін ұсынсын. Бірақ адамдар не жеу керектігін өздері таңдау керек.

Нұрлан Құралов мемлекеттің, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің негәзгә міндеті - үш «у» көп қосылмайтын, пайдалы өнімді өсіру мен тұтынуды дамыту, ынталандыру болып табылады. Фермерлер мен өндірушілер тек ақша табудың оңай жолын іздеп қана қоймай, сонымен бірге халықтың денсаулығы үшін пайдалы істерді жасаулары керек.

Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.