Назарбаева елде керексіз болған қырыққабат мәселесін шешуге араласты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Қазақстанның оңтүстігінде болып жатқан  жағдайға көңілі толмайтындығын білдірді, мұнда фермерлер жаңа қырыққабат дақылдарын ең төменгі бағамен сата алмауда.

«Түркістан облысындағы қырыққабат мәселесіне қараіыздар. Бүкіл әлемде көптеген елдерде ашаршылық болып қалады ма деп алаңдауда, ал біз өсірген дақылымызды қайда жіберерімізді білмейміз. Мен мәслихат пен тексеру комиссиясына  бұл жағдайды қадағалауларын тапсырамын», — деді Дариға Назарбаева бүгін Сенаттың жалпы отырысында.

Ол барлық мемлекеттік және жеке меншік сақтау қоймаларын, сондай-ақ ондағы өнімнің мөлшерін анықтауды мәслихат депутаттарына тапсырды.

«ӘКК арқылы бос жерді жалға алып, оған  көкөністерді әкеліп, сол жерден сауда орындарына тапсыруға болады. Дистрибьюторлық желілер азық-түлік нарығын тұрақтандыру үшін  қаражат алуда. Олар қалай жұмсалып жатыр? Олар жиналған өнімді қалай алып жатыр? Менің ойымша, бұл жерде де мәслихат және тексеру комиссиялары бақылауы тиіс», — деп сенат төрағасы айтты.

Оның пікірінше, ақша кімдерге және қалай бөлініп жатыр, қандай тауарларды, қандай бағамен және кімнен сатып алатындығын анықтау керек. Сонымен қатар, алдағы уақытта егіс дақылдарының мөлшерін және сатып алу бағасының қандай болатыны туралы тағы бір рет анықтап, бағалапу қажет.

«Біз фермерлер еңбегінің зая кетпеуін қадағалауымыз керек. Осы айда болып жатқан жағдайларға қараңыздар, оларға мемлекеттің көмегі қажет. Ол ішкі нарықтағы сұранысты, сондай-ақ өңдеу және экспорттауды қамтамасыз етуіміз керек», — деп түйіндеді Назарбаева.

Бұған дейін Қазақстанның оңтүстігіндегі фермерлер қырыққабат дақылына сұраныс жоқ деп мәлімдеген және егістіктерде бұзылып, керексіз болып жатқан өнім жайлы айтқан еді. Ауыл шаруашылығы министрлігі коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Қазақстаннан көкөністердің, оның ішінде қырыққабаттың экспортына тыйым салған болатын, содан кейін оған экспорттық квоталар енгізілді.

Осы аптада облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет отырысында аталған мәселені көтерген еді. Онда Түркістан облысының әкімі жиналған өнімді сатуға рұқсат беруге көмектесулерін сұраған. Өңірдің аграршылары 250 мың тонна қырыққабатты сатуға көмектесулерін сұраған еді. Бірақ қазір Ресейден сұраныс күрт азайды. Олар барлық облыстармен меморандумдар жасасқан. Осы жағдайға байланысты Ауыл шаруашылығы министрі өнімдерді сыртқа әкету туралы мәселе Ресей тарапымен талқыланып жатқандығын, бірақ әзірше шешілмегендігін жеткізді.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в Facebook, канале в Telegram, подписывайтесь на нас в Instagram или на нашу рассылку.