Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қарағанды облысында бидай себу және көкөніс отырғызу жұмыстары жалғасуда
Қарағанды облысының бірқатар аудандарында көктемгі егіс науқаны басталды. Атап айтқанда, Абай, Бұқар Жырау, Жаңаарқа және Шет аудандарында егін егу жұмыстары қызу қарқынмен жүргізілуде.
Бұл туралы аймақтың ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжа Апақашовтың айтуынша, 4 мамырда егін 21,9 мың га жерге егілді,оның ішінде бидай 12,8 мың га алқапқа себілді. Абай ауданының фермерлері 65 га жерге картоп, және 25 га алқапқа көкөніс тұқымын отырғызды. Қалған аудандар жер жыртып, дайындық жұмыстары өткізілуде.
Ғалымдар Қарағанды облысында көктемгі егіс жұмыстарын 10-30 мамыр аралығында өткізуді ұсынады, сондықтан егіс алқаптарында жаппай егіс жұмыстары апта соңына қарай басталады.
Айта кетерлік жайт, өңірде жаздық егіс 1 млн гектар алаңға отырғызылатын болады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 мың гектарға артық. Дәнді және бұршақты дақылдар 900 мың гектарды алады (2019 жылы — 32,5 мың га). Майлы дақылдар және мал азығына арналған дақылдар 8 мың гектарға артық отырғызылды, яғни 28 және 65 мың болып тұр.
Облыс алқаптарына 10 мыңнан астам трактор, 193 егіс кешені және 6 мыңға жуық тұқым сепкіш шығады. Арзандатылған дизель отыны 3 977 тонна бөлінді. Облыс фермерлері тұқымдармен және тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілген.
Аграрлық несие корпорациясы егіс науқанын қаржыландыруға өңірдің шаруаларын 2,2 млрд теңгеге несиелендірді. Сонымен қатар, фермерлер 2,5 млрд.теңгеге мемлекеттік субсидия алады.