Астана Агросеріктес AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесінде CHRONO тұқым сепкішін ұсынды

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін  тиімді егіс техникасын итальяндық Maschio Gaspardo жасаған  CHRONO 708 тұқым себу құрылғысы жоғары жылдамдықты сепкіші болып табылады, дейді мамандар.

Аталған агрегаттың техникалық сипаттамасымен көпшілікті «Астана Агросеріктестік»  компаниясының өкілдері  AgriTek/FarmTek Astana 2020 XV Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылық көрмесінде  таныстырды. Олар ҚР-да ауылшаруашылық техникалары мен құрылғыларын шығаратын ірі компания болып саналады.

Компанияның бас директоры Арман Айманбетовтың айтуынша, бұл модель күнбағыс пен жүгеріні егу үшін өте қолайлы және тиімді.

«Бүгінгі таңда бұл агрегат егін егу үшін ең озық технологиялардың бірі. Бастапқыда оны  Väderstad компаниясы әзірлеген болатын, бірақ қазір бұл жаңаша қайтадан жетілдірілген агрегат , оның ерекшелігі  жылдамдығы 15 км/сағ дейін дейін жетеді», — деді Арман Айманбетов.

CHRONO 708 тіркемелі жоғары жылдамдықты тұқым сепкіштің вакуумдық жүйесі бар инновациялық электр себетін аппаратпен және дәл себетін  пневматикалық жүйемен жабдықталған.

Тұқым сепкіш топырақты өңдеу кезінде тікелей себуді жасайды. Агрегат әр түрлі көлемдегі және формадағы тұқымдарды дәл егуді қамтамасыз етеді. Қатарлар саны-8; көліктің ені ― 300 см; қатарлардың қашықтығы ― 70-75 см.

 «Аталған техникада тыңайтқыштарды шашуға арналған өте үлкен бункер бар, әрбір бөшке күнбағыс пен жүгеріні егуге арналған.  Агрегат кең көлемді сепкіш сияқты жұмыс істей алады», —  деп толықтырды Арман Айманбетов.

Анықтама. Компания «Астана Агросеріктес» Қазақстан нарығында  7 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Олар республиканың барлық аймақтарына ауыл шаруашылық техникалар мен құрылғыларды сатумен айналысады. Компанияның әр жерде сауда нүктелері орналасқан.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.