Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Түркістан облысында «лимон» бизнесі жақсы дами бастады
Лимон өсіруден жоғары өнім алуға болады, сонымен қатар лимон өсіретін жылыжайларды ашу үшін кететін шығын аз. Сол себепті Түркістан облысында бұл цитрустық жемісті өсіру пайдалы да тиімді бизнес болып саналады, деп жазды Экспресс К.
Мысалы, Жетісай ауданындағы «Атамекен» шаруа қожалығында лимон өсірумен төртінші жыл айналысады. Өткен жылы 10 сотық жердегі жылыжай өндірісі дамып, аталған өнімнің бес тоннасы сатылған. Бүгінгі таңда лимон алқабын 40 сотық жерге дейін жеткізуді көздеп отыр.
Жаңа іс бастап отырған шаруа қожалығының басшысы Мұрат Жұмабеков 2016 жылы Өзбекстанға барып, жылыжайда өсірілетін цитрус шаруашылығымен танысқан. Көрші ел кәсіпкерлері лимон көшеттерін сыйлаған, сонымен қатар оларды өсіру жөніндегі кеңестермен де бөліскен.
Цитрусты өсімдіктің бір ерекшелігі қыста лимондарға жоғары температура қажет емес. Егер қызанақ үшін 17-18 градус жылу қажет болса, онда цитрус үшін екі-үш градус нөлден жоғары температураның өзі жеткілікті болып табылады. Яғни энергия көп жұмсамайтын, тиімді бизнес. Себебі жылыжайларда ең басты шығын жылыжайды жылытуға кетеді.
«Лимон ағаштарын отырғызғаннан кейін, ол екінші жылы жеміс бере бастайды. Жыл сайын өнімділік артып келеді. 2019 жылы біз әрбір ағаштан 30-40 кг жеміс жинадық. Өнімнің бір килограмын 800 теңгеге сатып, жақсы табыс алдық. Сатып алушыларды іздемедік, олар бізге өздері келіп, егіс басынан жемісті», алды- деді агроном Юлдаш Аблазов.
Экзотикалық дақылдарды өсірумен айналысушылар әзірге көп емес. Тәуекелге бел буып, айналысып жатқандар шығынға ұшырамай, алқапты кеңейтуде.
Айта кету керек, АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикада жылыжай алаңын 1,2 мың гектардан 1,7 мың гектарға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Сонымен қатар, жабық топырақта көкөніс өндіру көлемін 216,8 мың тоннадан 595 мың тоннаға дейін өсіру күтілуде.