ҚР-да отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға субсидиялар ұлғайтылды

Қазақстанда шығарылатын ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға берілетін субсидиялар 30% - ға дейін ұлғайтылды. Аграршылар үшін бөлінетін импорттық техникаға арналған субсидия мөлшері 25% деңгейінде қалды. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

«Аталған түзетулер субсидиялау ережелеріне енгізілді. Субсидиялауға жататын отандық техниканың тізімін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітті және qoldau.kz жүйесінде жарияланды. Субсидия алуға өтінімді порталда ЭЦҚ пайдалана отырып беруге болады», - деп хабарлады Қостанай облысы Кәсіпкерлер Палатасының АӨК бөлімінің бастығы Каир Айсин.

Бұл өзгерістер фермерлерді ғана емес, машина жасаушыларды да қолдауға бағытталған. Отандық өндірушілер қазақстандық және импорттық ауыл шаруашылығы техникасына берілетін субсидия мөлшерінің бірдей болатындығына қарсы шыққан еді. Олардың айтуынша, қазақстандық тракторлар мен комбайндар өндірісінің өсуіне қарамастан, берілетін субсидиялардың көп мөлшері шетелге кетуде. Бұл импорттық ауыл шаруашылығы машиналарының құны бірнеше есе көп болуына байланысты.

Бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды субсидиялауға 38,3 млрд теңге бөлу жоспарланған. Ал жалпы инвестициялық субсидиялауға республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлінген. Инвестициялық субсидияларды алуға өтінімдерді Qoldau.kz.порталындағы субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы беруге болады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.