Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
2020 жылы жануарларға вакцина егу бойынша 150,1 млн манипуляция жүргізіледі
09 марта 2020
2020 жылы жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцина егу бойынша 150,1 млн манипуляция жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі ресми сайты.
Хабарламада айтылғандай республикалық қорда 2020 жылы қажетті вакцина мөлшерінің 74% сақтаулы тұр, сондықтан да көктемгі ветеринариялық-сауықтыру іс-шараларын дер кезінде толықтай жүргізуге мүмкіндік бар.
2019 жылы Қазақстан аумағында жануарлар ауруының 146 ошағы тіркелгендігі атап айтылған, оның 131 ошағы жойылды, ал қалған 15 ауру ошағында ветеринарлық әс-шаралар жалғасуда. 2019 жылы жасалған вакцинация жұмыстарының нәтижесінде ауру ошақтары 2018 жылмен салыстырғанда 12,5% төмендеген.