Ауыл шаруашылығы министрлігі ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға салынған шектеулерді алып тастады

«Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығы және Министрдің «Жоғарыда көрсетілген №111 бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 123 бұйрығы жарамсыз деп танылды.

Аталған жаңа бұйрық  2020 жылдың 1  маусымынан бастап енгізіледі.

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың сәуір айында Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін қарақұмық жармасы, қант, картоп (тұқымдық картопты қоспағанда), күнбағыс тұқымдары, тазартылған және өңделмеген күнбағыс майы,  қарақұмық жармаларын экспорттауға тыйым салынды.

Сонымен бірге бидай немесе қара бидай ұны, жұмсақ бидай мен меслин, тұқымдық картоп, күнбағыс майы, тазартылмаған және өңделмеген күнбағыс майының экспортына квота енгізілген болатын.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.